
20 Қараша, 2017
1047
Индер ауданында «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті
2017 жылдың 14 қараша күні Индер ауданының мәдениет үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің «Әрбір Ана бақытты болуға лайықты» тақырыбында кеңейтілген мәжілісі өтті.
Кеңейтілген мәжілісте «Ата мұраң –асыл қазынаң» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, ауданның қол шеберлерінің жасаған бұйымдары тамашаланды.
Модератор: Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.
Аталған жиынға Облыстық, аудандық, ауылдық округтердегі Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрайымы және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның құттықтау сөзін ашып берген аудан әкімінің орынбасары Шамұратов Дарын Дүйсенбайұлы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындалған міндеттемелерді түсіндірді.
Жиын барысында: «Ана бақытты болуға лайықты» тақырыбында Омарова Айсұлу Қайырқызы – Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрайымының және «Ана саулығы- ұрпақ денсаулығы» тақырыбында Камелова Дина Базарбаевна - Атырау облыстық Денсаулық сақтау саласының ардагерінің баяндамалары тыңдалды.
Жиынның соңында ауданның жеке кәсіпкерлері аз қамтылған отбасылары мен мумкіндігі шектеулі алты отбасының әрқайыссына 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде қайырымдылық сыйлық ақысын табыстады.
Мәжіліске арнайы келіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырған кәсіпкерлерге Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы басшысының және аудан әкімінің атынан Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мәжілістің салтанатты бөлімі Индер халық театрының «Бақыт деген не?» тақырыбындағы көрінісімен аяқталады.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 20.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті