
31 Мамыр, 2017
911
Ингушетия Республикасындағы мәдениет күні
Көкшетау қаласында жуырда Ингушетия Республикасындағы мәдениет күні өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының «Вайнах» шешен-инғұш қоғамы.
Қоғамның жастар қанаты белсенді жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оның мүшелерінің өнерпаздығы мен қоғамның үйлестірушісі Лейла Черкиеваның қолдауы арқасында мерекелік бағдарламаның өте әсерлі болғандығы рас.
Дәстүр бойынша, сөз ақсақал Герихан Точиевке беріліп, ол Қазақстанға күштеп қоныс аударту кезінде ата-бабаларының осында келгенін, бірақ қазақтардың толеранттығы мен досжандылығы арқасында осы жердің қоғамына сіңсіп кеткенін айтып өтті. Ал қазіргі уақытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында әрбір ұлт өзінің мәдениетін, салттары мен дәстүрлерін сақтап, соның өзінде Тәуелсіз мемлекеттің біріңғай халқы болып қала берді.
Концерттік бағдарлама өзінің алуан түрлілігімен тамсандырды: би ансамблінің ұлдар тобының керемет биі, қыздардың әсерлі және нәзік биі, ұлттық киімдердің көрсетілімі.
Әнші қыздар Мадина Тумгоева мен Диана Тепсуркиеваның құлақ құрышын қандырар әндері ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ!
Шешенден мен инғұштардың Ұлы отан соғысына қатысуы туралы бұрыш өте мазмұнды болды: екі мыңнан астам шешендер мен инғұштар майданда қайтыс болған. Брест қамалын қорғауға Шешен-Инғұш елдерінен шыққан шамамен 400 азамат қатысты. Брест қамалын қорғаушылардың бірі Магомед Узуевқа өлімнен кейін 1996 жылы Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді.
Ақмола облысында қазіргі уақытта аталмыш ұлттың өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде: ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар және т.б. Барлығы үшін Қазақстан туған үйге айналды.
Өз сөзінде «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев қоғамның жоспарларымен бөлісіп, келушілерге мықты денсаулық, жақсылық, бейбіт аспан тілеп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін қалайтынын айтты.
Татьяна Пяткова,
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімнің басшысы.
Сурет авторы Татьяна Пяткова.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады