15 Ақпан, 2019
1986
Иосиф Бахман: Қазақ тілі – барша этностарды қазақ халқының төңірегіне топтастырушы фактор
Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының жанында түрлі этнос өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсы ашылды.
Игі бастаманы ассамблея қалалық «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» мекемесімен бірлесе жүзеге асырып отыр. Шымкентте мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген этнос өкілдері аз емес. Бүгін олардың алдыңғы легі алғашқы дәрісін өтіп, тілді үйренуге құлшына кірісті.
Курсқа қабылданған 40 азамат білім деңгейіне қарай бастауыш және негізгі топтарға бөлінді. Олар алдағы 4 айда аптасына екі реттен теориялық және практикалық дәрістер өтетін болады. Сондай-ақ, әр жексенбі күні еркін форматта бас қосып, түрлі ойындар арқылы қазақша сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
Қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухаммедова бұған дейін қазақ тілін үйренуді өз бетінше бастаған. Достық үйінде ашылған курста мемлекеттік тілде сауатты жазып, дұрыс сөйлеуді үйренсем дейді.
Ал, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Иосиф Бахман қазақ тілін барша этностарды мемлекет құрушы ұлт қазақ халқының төңірегіне топтастырушы, біріктіруші фактор деп біледі. Әрі, алдағы уақытта барша тұрғындардың ортақ тіліне айналатынына сенімді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында жүзден астам этнос өкілдері өмір сүруде. Олардың 70 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Өткен жылы қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 1600-ден астам этнос өкілдері оқып, мемлекеттік тілді үйренді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті