23 Қараша, 2023
314
ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ
Ағымдағы жылғы 22-24 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен толеранттылықты нығайтуда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін біріктіруге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтуде.
Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, БАҚ өкілдері, «Voice Power» консалтингтік компаниясының сарапшылары, сондай-ақ өңірлерден келген журналистер, блогерлер және т.б. қатысты.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов өз сөзінде еліміздегі этносаралық қатынастар саласының дамуының барлық аспектілері туралы жеткілікті көлемде білім жинақтаудың маңыздылығын және аталған саланы ақпараттық сүйемелдеудің ерекшеліктерін атап өтті. Ол жарияланатын ақпараттың дұрыстығына толықтай БАҚ жауапты болатынына тоқталды.
Вице-министр ақпараттық жұмысқа және ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары мен БАҚ-тың өзара бірлескен іс-қимылын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтып өтті.
Пікір алмасу барысында өңірлерден келген делегаттар журналистер клубының қызметін одан әрі жандандыру жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, сапалы ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың, қоғамға медиа арқылы шынайы ақпаратты жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай этносаралық келісімнің өзекті мәселелері бойынша оқыту семинар-тренингтері өтті. Тәжірибелі медиа-жаттықтырушылар Руслан Ыдырысов резонанстық жағдайларды шешу үшін диалог пен тиімді коммуникацияларды құру туралы, Ақылбек Жақсыбаев әлеуметтік желілердің жаңа алгоритмдерімен жұмыс істеу, авторлық контентті құру және ілгерілетудегі өзекті трендтер бойынша, «DEUTSCHE Allgemeine ZEITUNG» республикалық неміс газетінің мысалында газеттің бас редакторы Олеся Клименко этностық БАҚ жұмысының тәжірибесі мен ерекшелігі туралы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар блогер, «Алға, Петербург!» жобасының жүргізушісі Иван Червинский контентті ілгерілетудің алгоритмдері туралы және «Voice Power» консалтингтік компаниясының тренері Әлия Текенова «Факт-чекинг ақпараттық ілгерілетудің және ҚХА имиджін сақтау құралы ретінде» тақырыбында ой бөлісті.
Шара соңында қатысушыларға сертификат берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32