13 Желтоқсан, 2017
957
Көкшетау қаласында шешен-инғұш мәдениетінің күндері өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ-сі ғимаратының салтанат залында шешен-инғұш мәдениеті күндерін атап өтуге арналған концерт болып өтті.
Бұл кеште «Вайнах» шешен-инғұш бірлестігі өкілдерінің өнеріне тәнті болмаған жан қалмады. Шараның мақсаты түрлі ұлттардың мәдениетін танып білу арқылы, ұлтаралық жақындықты, достықты дамыту саналады. Концерт барысында жүрекке жылы тиер ән де айтылды, көңілді көтеріп, ерекше рух берер көркем би де биленді. Жеке дара ән орындаған таланттар Диана Тепсуркиева мен Ашат Костоеваның өнерлері көрермендер тарапынан ерекше ықыласқа ие болды.
Вайнах халқы мәдениетінің жарқын көрінісі ол – ұлттық би өнері саналады. Ал тау халқының дара мінезі іспеттес кавказ лезгинкасын білмейтін жан әлемде кемде-кем. Әрбір кавказ ер азаматының туғаннан бастап күллі өмір жолы бойы биге деген ықыласы мен қатынасы айрықша. Себебі би қимылдары арқылы аталмыш халық өкілдері жылдар бойы ептілік пен ерлікті, үлкен күшті дәріптеп келеді. Бұл кеште «Тау ырғағы» би ансамбльінің жалынды билерін жиналған жұрт асқан қызығушылықпен тамашалады. Әсіресе көрермендерге бірлестіктің бір топ қаздары билеген «Нисархой» биі мен құмырамен билеген топтың биі қатты ұнады.
Іс-шара соңында сөз сөйлеген «Вайнах» шешен-инғұш бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев, мәдениет күндерін өткізу елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерімен танысуға, дәстүр-салтын, тілін танып білуге, ұлыстарды бір-бірімен жақындастыруға айрықша септігін тигізетіндігін атап өтіп, бүгінгі кеш барысында да ән мен би өнерінің арқасында ұлтаралық татулықтың арта түскендігіне тоқталды.
Дата события ассамблеи: 13.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті