24 Тамыз, 2018
1381
Көкшетауда депортацияны басынан кешірген немістер жайлы деректі фильмнің көрсетілімі өтті
Көкшетаудағы қоғамдық келісім сарайында неміс режиссері Борис Шварцманның «Закрытая тема» және «Дороги Эрвина Иммекуса» фильмдерінің көрсетілімі өтті.
Іс-шара «Видергебурт» Ақмола облысының немістер қоғамының бастамасымен және қолдауымен өткізілді. Екі фильм де деректі фильмдер жанрына жатады және депортациялауды, соғыс жылдарындағы азапты бастап өткерген, бірақ адами қадір-қасиетін және өмірге деген сүйіспеншілігі мен құлшынысын жоғалтпаған немістер жайлы әңгімелейді.
Фильмдерді түсіру бастамасы Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің Мәдениет және ғылым министрлігіне тиесілі.
«Закрытая тема» фильмі 1941 жылдың 28 тамыз күні бір мезетте өздерінің мүлкі мен үйреншікті өмір қалыптарынан айырылып қана қоймай, көп жылдар бойы үрей мен қорлықта күн кешуге мәжбүр болған Поволжья немістерінің тағдыры туралы баяндайды. Фильмнің негізгі үш кейіпкері репрессияға ұшыраған ата-ананың баласы болу қандай екенін өзгелерден артық біледі. Олардың әңгімелері ешкімді де бейжай қалдырған жоқ.
«Дороги Эрвина Иммекуса» фильмі өте ауыр жолдан өткен, Жаратқанға және адамға деген махаббаттың барлық нәрседен биік екенін дәлелдеген адамның тағдыры туралы баяндайды. Бұл тарихи оқиғаның басты қаһарманы соғыстан өтіп, орыс тұтқынында болып, одан аман қалып, соғыстан кейінгі Германияға оралды. Ол дін жолына түсіп, өзінің жинаған қаражатына Даггельн қаласында православтық шіркеу тұрғызды. Өзінің үлкен жасына қарамастан, бүгінде ол 94 жаста, тек қызмет көрсетіп және Құдай сөзін жеткізіп қана қоймай, ресейлік шалғай жатқан жерлердің тұрғындарына көмек көрсетеді. Ол Ресей жолдарымен гуманитарлық көмекпен жүреді және оны күтетінін, және ол сол сенімді ақтауға тырысатынын әрқашан айтып отырады.
Фильмдердің соңында көрермендер оларды талқылауға кірісті. Көрермендер, соның ішінде депортацияның қиыншылықтарымен таныс адамдар, авторларға жұмыстары үшін алғыстарын білдіріп, өздерінің әңгімелерімен бөлісті. Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола хатшылығының басшысы Ринат Галлямов кинотуындының авторларына ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті