27 Қараша, 2018
1611
Көкшетауда еврей мәдени орталығы ұйымдастырған I театр фестивалі үлкен табыспен өтті
Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы Көкшетау қаласында алғаш рет Яков Куклинскийді еске алу құрметіне арналған театр фестивалін ұйымдастырды.
Көкшетау қаласы Достық үйінің сахнасында алғаш рет өткен Яков Куклинскийді еске алу құрметіне арналған театр фестивалі драматургия, поэзия және вокал жанрлары бойынша өнерпаздардың басын біріктірді.
Құрамына Ақмола облысы орыс драма театрының актерлері, Яков Куклинскийдің шәкірттері кірген қазылар алқасының алдында Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің студенттері Владислава Швачкина, Светлана Рязанова және Карина Крикулова «Айтылған сөз өнері» поэтикалық жанрындағы Корней Чуковскийдің «Таракан» және «Мойдодыр» қойылымдарын орындады.
Көкшетау қаласы гуманитарлық-техникалық мектеп-лицейінің оқушылары сомдаған «Он екі ай» туындысының драматургиялық қойылымы да көрермен көңілінен шықты.
Еврей халқының дәстүрлі әуендері мен әндері шырқалған «Жан әуені» вокалды жанрындағы нөмірлер де жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Бұл жанрда сахна төрінде Достық үйі вокалды студиясының орындаушылары өнерлерін ортаға салды. Ал Оксана Самойленко орындаған «Это наш родной еврей» және «Мөлдір» халықтық би ұжымының сүймелдеуімен Олеся Цыганова шырқаған «Хава Нагила» әніне Достық үйіне жиналған көрермендер үлкен қошемет білдірді.
«Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Владлен Погребицкий фестивальдің қатысушыларын грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Яков Куклинский Қазақстан театр өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан, Ақмола облысы орыс драма театрының негізін қолауға атсалысқан белгілі қоюшы-режиссер. Оның басшылығымен театр республикада үздік театрлар қатарына еніп, көптеген қойылымдар халықаралық фестивальдерде жүлделерге ие болды. Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Яков Аронович ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Қаулысымен «ҚазССР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленді. Ол Жоғарғы Кеңес және ҚазССР Мәдениет министрлігінің, Көкшетау облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті