03 Сәуір, 2019
1486
Көкшетауда ҚХА облыстық аурухананың кішкентай емделушілеріне тәтті сыйлықтар үлестірді
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Шашу» қайырымдылық акциясы шеңберінде Көкшетау қаласының «Қоғамдык келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу облыстық ауруханасының емделушілерімен тілдесіп қайтты.
Көкшетау қаласы Достық үйінің директоры Манат Исмагулов ауруханада ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналарымен өткен бұл кездесуде облыстық ассамблеяның жұмысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, биыл қазақ халқының дәстүрлері негізінде қайырымдылық іс-шараларының күнтізбесі жасалып, іске асырылуды. Ай сайын өтетін барлық қайырымдылық шаралардың өз атаулары бар. Мысалы қаңтар айында «Сарқыт», ақпанда – «Сыбаға», наурызда – «Шашу», сәуірде - «Асар» және тағы басқалар.
Акция шеңберінде алпыстан астам емделуші балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясы әзірлеген тәтті сыйлық пакеттері үлестірілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ