08 Ақпан, 2021
717
Көкшетауда ҚХАА жанындағы журналистер клубының мүшелері медиа-жоспар құрды
Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы журналистер клубының отырысы өтті. Жиын барысында клуб мүшелерінің этносаралық қатынастар саласындағы материалдарды ақпараттық жария ету жөнінде медиа-жоспар талқыланды.
Клуб төрайымы, Зеренді аудандық «Зерен» газетінің редакторы Ким С.В. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында журналистерді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының қызметін баспа БАҚ беттерінде жариялау жұмысына белсене қатысуға шақырды.
Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы С.Сәдуақасов журналистерге облыстық ассамблеяның жұмысына арналған тақырыптық жолақтардың шығарылымында ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Клуб мүшесі, «Акмолинская правда» облыстық газетінің тілшісі Н.Митчинова әріптестерінің назарын газеттегі этносаралық тақырыпты дұрыс жариялауға аудара отырып, олар үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары мен мамандарының қатысуымен этносаясат мәселелері бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыруды ұсынды. Клуб мүшелері сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ әзірлеген журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының ережесін талқылап, оған өз ұсыныстарын енгізді.
Жалпы, ZOOM платформасында журналистер клубының белсенділігін арттыру, оның облыстың баспа БАҚ беттерінде этносаясат мәселелерін жариялаудағы рөлі туралы мәнді әрі жемісті іскерлік әңгіме өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды