22 Ақпан, 2021
571
Көкшетауда медиация саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өтті
Көкшетауда облыстың кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сот, ҚХАА Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен «Медиация саласындағы жұмысты жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Нұғыманов өз сөзінде медиация институтын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру аясында Достық үйі этносаралық шиеленістің, қоғамдағы этносаралық ксенофобияның алдын алу шараларын әзірлеу бойынша жұмысты жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Осы мақсатта ҚХА желісі бойынша 1 кабинет және 38 медиация алаңы жұмыс істейді, онда 9 кәсіби және 324 кәсіби емес медиатор қызмет етпек.
- ҚХАА әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Ашық әнгіме» айдары іске қосылып, «Қоғамдық келісім» КММ сайтында «медиаторға өтінім» қосымшасы жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен «онлайн» режимінде кәсіби медиатордың консультациясына өтінім беруге болады. Осы бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін Достық үйі соттармен, кәсіби медиаторлармен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады, - деді Е.Нұғыманов.
«Халықаралық медиация орталығы» РҚБ өкілдігінің басшысы.Т.Бейсембаев этносаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін қоғамдық медиаторларға әдістемелік, консультативтік көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрайымы А.Жұматова жанжалдасушы тараптарды сотқа дейін татуластыруға бағытталған «отбасылық сот» жобасы туралы айтты.
Дөңгелек үстел аясында медиация кабинетінің тұсаукесері өтті және «Қоғамдық келісім» КММ мен «Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37