19 Қазан, 2021
684
Көкшетауда Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
«Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қатысуымен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференция жұмысына халық жазушысы, дипломат, «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ресей, Ингушетия Республикасының, Қазақстан Республикасының ғалымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдар мен жақын және алыс шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушылар Семей полигонының жабылуы республика тәуелсіздігінің жариялануымен байланысты маңызды оқиғалардың бірі болғанын атап өтті. Ол біздің елімізге халықаралық аренада бейбіт бастамалар көтеруге моральдық құқық және әлемдік бизнес-қоғамдастықтың зор сенімін берді. Қазақстанның ядролық қару мен ядролық сынақтарға қатысты ұстанымы мемлекеттің оң имиджін одан әрі қалыптастыруға, бейбіт, сындарлы сыртқы саясатты ілгерілетуге негіз болуда.
Шетелдік қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлесін, оның ядросыз әлем құру жөніндегі халықаралық антиядролық бастамаларын атап өтіп, әлемдік қоғамдастықты ядролық қарудан азат әлем құруға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті