
06 Наурыз, 2019
1694
Көкшетауда «Шашу» салтын ұйымдастырып, шешен-инғұш қоғамының төрағасын мерейтоймен құттықтады
Көкшетау қаласының Достық үйінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Оның алдында облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен кеңес мүшесі Қайниса Қайридденова «Шашу» салтын өткізді.
Араларында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, облыстың этномәдени бірлестіктерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының басшылары мен өкілдері, Көкшетау қаласының студент жастары бар шара қатысушыларымен сәлемдесе отырып, Айна Ермекқызы барша жиналған қауымды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні аталып өтілетін мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Ақмола ассамблеясында Алғыс айту күніне орай өткізілетін қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары туралы айтты.
Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы, облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Герихан Яндиевтің 60 жылдық мерейтойына орай Айна Ермекқызы той иесіне Ақмола облысы әкімінің құттықтау хатын және естелік сыйлықты табыс етті.
Облыстық ассамблея мүшесі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Чуваш этномәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская, Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, ауыр сырқаттан емделіп шыққан қыздың анасы Айнагүл Бейсенова, оқыс жағдайдан құтқарылған баланың анасы Татьяна Ертушева, Көкшетау қаласындағы психикалық дамуы тежелген және зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинскаяның сөйлеген сөздерінде Қазақстанда тұратын этностардың жалпыұлттық бірлігін нығайту бойынша жүргізіліп жатқан саясаты үшін Елбасына және қиын өмірлік жағдайда жер аударылған халыққа көмек көрсеткен қазақ халқына алғыс сөздері айтылды.
Дәл осы күні Ақмола ассамблеясының бастамасымен білім беру мекемелерінде, мемлекеттік органдарда, Көкшетау қаласының әртүрлі ұйымдары мен кәсіпорындарында өтетін «Біз сіздердің ізгі істеріңіз үшін жүректе алғыс сақтаймыз» акциясы бастау алды. Акция-эстафетаның алғашқы қатысушылары этномәдени бірлестіктердің жетекшілері болды, олар жеті баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Эльмира Әбіловаға материалдық көмек көрсетті.
Іс-шара барысында Достық үйі шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік конерт ұйымдастырылып, «Менің Қазақстаным» бейнефильмінің көрсетілімі өтті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
КӨКШЕТАУДА ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
КӨКШЕТАУДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
КӨКШЕТАУДА ДЕПОРТАЦИЯНЫ БАСЫНАН КЕШІРГЕН НЕМІСТЕР ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті