11 Қыркүйек, 2023
474
Көкшетауда Вайнах мәдениетінің күндері өтті
9 қыркүйекте «Қоғамдық келісім» КММ алаңында «Ел бірлігі» Вайнах мәдениетінің күндері «Кеше. Бүгін. Ертең» фестивалі өтті.
Вайнах дегендер Солтүстік Кавказдың екі ірі нах халқы-шешендер мен ингуштар. ХХ ғасырдың ортасында Қазақстанды түрлі этностардың көптеген өкілдері паналады. Вайнахтар қазақ елімен оның тарихының барлық кезеңдерінен бірге өтіп, бүгінде біртұтас халықтың бөлігі – Қазақстан азаматтары. Вайнахтар заманымыздың сан-қилы өзгерістеріне қарамастан өз тілі мен дәстүрлерін қасиетті түрде құрметтейді.
Облыстық Достық үйінің алаңында киіз үйлермен бірге халық-қолданбалы және бейнелеу өнері, вайнахтардың ұлттық тағамдары көрмесі ұйымдастырылды. Баннерлердегі фотосуреттер қазақстандық вайнахтардың тарихын, олардың мәдениеті мен тұрмысын айқын көрсетті. Вайнах мәдениеті туралы толық қөріністі Көкшетау, Павлодар, Атбасар және Бұланды аудандарының көркемдік ұжымдарының жарқын қойылымдары толықтырды.
Көрермендер әуезді әндер мен вайнах билерін қошеметпен қарсы алды, Вайнахтармен бірге сахнада қаланың көркемөнер ұжымдары ән айтып, би биледі.
Вайнахтар Абайдың өлеңдерін қазақ тілінде оқыды. Бұл күні қазақ және вайнах мәдениетінің өзара тығыз қарым-қатынасы айқын көрсетілді.
Мерекеге Астанадан және еліміздің басқа облыстарынан құрметті қонақтар келді.
Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары А. Я. Исмаилов, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Н. Х. Шубаев, Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ю. Х. Келигов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.А. Алин және Ақмола облысы «Вайнах» бірлестігінің төрағасы Г.И.Яндиев құттықтау сөз сөйледі.
Жалпы, мерекенің лейтмотиві Қазақстан халқының достығы тақырыбы болды. Бүгінгі іс-шара барысында бірлік пен келісім бізді гүлденген мемлекет құруымыздың алғышарты екеніне тағы да көзіміз жетті.
Мерекеге орай облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелері мен «Вайнах» облыстық шешен-ингуш қоғамының активі облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37