01 Желтоқсан, 2018
1197
Көкшетауда Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында мерекелік шара өтті
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы Көкшетау қаласында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
«Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күні және Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекелеріне орайластырып Көкшетау қаласында думанды іс-шара ұйымдастырды.
Өзбек қолданбалы өнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмесі, Орталық өкілдерімен даярланған өзбек ұлттық тағамдарының қайталанбас дәмі іс-шара қонақтарының назарын аудартты.
Орталық өкілдерінің және өзбек ЖҚ мүшелерінің қатысуымен өткен әсерлі концерттік бағдарлама кездесу қатысушыларына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Көкшетау қаласы өзбек орталығы жастар қанатының жетекшісі Индира Нуралиева атап өткендей, «Үзтіміздегі 2018 жыл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып белгіленді. Осы ретте ортақ адами құндылықтарды, өзбек халқының мәдениетін, дәстүрлерін, насихаттау бойынша көптеген іс-шара атқарылды»
«Бүгінгі мереке тағы бір мәрте қазақ халқымен арамыздағы бірлікті, рухани ортақ құндылықтарды және көп ғасырлық достығымызды нығайта түседі. Бауырлас саналатын қос ұлттың ұлы рухани қазынасы, біздердің сан ғасырлар бойғы тілдік, дәстүрлік және тарихи тұрғыдан тығыз байланыста екенімізді айғақтайды», - деп өз ойын білдірді Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығының төрайымы Тажбуви Медетова.
Тажбуви Усмановнаның айтуынша, ол жақында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Коратаев «Болаларга тухфа» кітабын сыйға тарту еткен. Аталмыш жинақта - өзбек тіліндегі ертегілер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, әңгімелер топтастырылған. Бұл кітап Ақмола облысында өмір сүретін өзбек балалары үшін нағыз рухани сыйлық болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті