Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2016

620

Көкшетаулық кәрістердің жаңа жылы

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Чинсон» кәріс мәдени орталығы шығыс күнтізбесі бойынша келетін Жаңа жыл «Соллаль» мерекесін атап өтті. «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен өткен іс-шараға облыстағы кәріс диаспорасының өкілдері қатысты.

Кәріс халқының ұлттық мерекесі «Соллаль» ай күнтізбесі бойынша 21 қаңтар мен 20 ақпан аралығында аталып өтіледі. Бұл күні әр отбасының балалары ата-анасы мен туған туысқандарына ізет көрсетіп, оларды жаңа жылдың басталуымен құттықтайды.

«Чинсон» кәріс мәдени орталығының белсенділері «Соллаль» мересін тойлаудағы салт – дәстүрді спектакль түрінде көрсетті.

Орталықтың тізгінін жуырда ғана қолына алған Людмила Лим жиналған қауымды аталмыш мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт, береке мен бірлік тіледі. Одан кейін «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебіндегі кәріс тілін оқыту сыныбында дәріс алып жүрген оқушылар арасында өткен «Мен кәріс тілін неліктен оқимын» тақырыбында жазылған шығармалар арасында өткен байқаудың қорытындысын жариялап, барлық қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады.

Орталық белсенділерінің ұйымдастырған мерекелік концерті жиналған қауымды тәнті етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

   

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Кейін қарай