18 Маусым, 2016
971
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиация
10 маусым күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығындағы медиация кабинетінде «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиация» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Ж.Боранбаева семинар сабағын өткізді. Семинарға «Медиаторлардың ұлттық палатасы» АӘҰ-ның басшысы М.И.Дячук; «Медиаторлардың ұлттық палатасының» медиаторы Т.З.Танекенова; «Шығыс Қазақстан облысының «Альтернатива» медиация және құқық орталығының» медиаторлары А.О.Жұмағұл, Н.К.Бақтыбаева; Өскемен қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры А.С.Серікова; Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаушылар алқасының қорғаушысы К.Ш. Қалиаскаров қатысты.
Судья Г.Ж.Боранбаева өз сөзінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін қолдану кәмелетке толмағанның құқыққа қайшы әрекет жасағанының салдарын терең түсінуін, қылмыстық құқық бұзушылықты қайталауға жол бермеуге әсер ететін жауапкершілігін ұғынуын қамтамасыз етеді, деп атап айтты.
Семинар қатысушылары кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдану мәселелерін талқылады, сонымен қатар, медиаторлар ата-ана білімімен айналысу керектігі жөнінде, оқу орындарында жанжалды шешу әдістері туралы семинар, лекциялар өткізу қажеттілігі туралы ортақ ойға келді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты