
18 Шілде, 2016
1258
Күн тәртібінде - өзекті мәселелер
Орал қаласының Ассамблея үйінде Нәжімеден Есқалиевтің төрағалығымен облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында облысымыздағы діни ахуал, жер мәселесін түсіндіру барысы және білім беру саласына көптілділікті енгізу реформасы туралы мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов сөз сөйледі, оның айтуынша облыста 2016 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 9 конфессиядан 75 діни ұйым тіркелген. Оның ішінде: 44 мұсылман мешіттері, 18 – православиялық, 11 - протестанттық, 1 – буддистік және 1 - католик бағытындағы діни ұйымдары болып табылаы. Ағымдағы жылдың жартыжылдығында 91592 адамның қатысуымен 647 іс-шара өткізілді.
Дін істері басқармасы басшысының сөзінен соң, отырысқа жиналған депутаттар, түрлі партия өкілдері, аймақтың дін туралы жазып жүрген журналистері, кеңес мүшелері түрлі ағымдар туралы фактілерді келтірді. Олардың айтуы бойынша, өзге діни ұйымдар түрлі кәсіпкерлік және тұлғалық қалыптасу тренингтері, жұмысқа орналыстыру іскерліктерін жарнамалау арқылы адамдарды өз қатарларына тартып, баулыған, оның ішінде балалар да бар.
Жиналғандар дін туралы заңға өзгертулер енгізбей теріс діни ағымдардың әрекеттерін тоқтату қиын екенін тілге тиек етті. Талқылаудан кейін нақты ұсыныстар берілді - облыстағы діни ахуалды бақылауға арналған жұмыс тобын құру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрғындар арасында, соның ішінде жұмыссыз азаматтар арасында профилактикалық, ақпараттық-насихат жұмысын күшейту. Сонымен қатар, радикалды діни ағымдарды насихаттайтын телеарналар, баспаханалар және интернет ресурстарындағы материалдарды бақылауды күшейту, тұрғындарға діни қатынастар саласында кеңестік және тәжірибелік көмек көрсету бойынша «сенім телефоны» жұмыс жасайтыны туралы ақпаратты тарату, діни экстремизм және терроризм ұйымдарының әсерінен жәбірленген азаматтарға көмек көрсету орталығын жарнамалау жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Жер кодексін түсіндіру бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова сөз сөйлеп, өңірде істелген жұмыстарды атап өтті. Батыс Қазақстан облысы бойынша жер реформасына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары қазіргі таңда кесте бойынша аудандарда жүргізілуде. Барлығы 639 іс-шара өтіп, оның 412-сі тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, шаруа қожалықтарымен кездесу ретінде өткізілді. Басшының айтуы бойынша, жер заңына қатысты ұсыныстар мен ескертулер республикалық кеңестің мүшесі Қатауолла Ашығалиев арқылы жіберілетіні туралы мәлімдеді.
Басқарма басшысының сөзінен соң, жиналғандар бірауыздан жер ресурстарын дұрыс пайдалануда жергілікті әкімдердің жұмыс жасауы қажеттігін айтты. Еліміздің тұрақтылығы үшін жерді мақсатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізілді, жер заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, тұрақтылықты сақтау үшін кәсіби және кәсіби емес медиаторларды тарту мәселелері қарастырылды.
Соңғы мәселе – мектеп оқушыларын үш тілде оқыту бойынша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Гумарова кеңес мүшелерінің алдында есеп беріп, көптілділікті дамыту мақсатында облысымыз бойынша жүйелі іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтып кетті. «Атап өтілген іс-шаралардың барлығы, 2019-2020 оқу жылынан бастап мектептегі жоғары буын өкілдеріне арналған, көптілді білім беру бағдарламасының дайындық жұмыстары болып табылады», - деді ол.
Бұл мәселе де көптен бері қоғамды ойландырып жүрген мәселелердің бірі, сондықтан жиналғандардың көпшілігі реформаның жақсы жақтарын айтып, бірақ асығыстық жасамай, мұғалімдерді, бағдарламаларды дайындаған соң ғана енгізу керек, - десті.
Айта кететін жағдай, Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №35-15.78 тапсырмасын орындау мақсатында, облыста әр түрлі деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің 5 мыңнан астам адамды қамтитын 181 отырыс өткізілді. Қоғамдық келісім кеңестерінің мақсаты - қоғамдық келісімді нығайту және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау бағыттарын қарастыру болып табылады. Облыста 239 қоғамдық келісім кеңесі құрылып, оның 1 - облыстық, 1 – қалалық, 12 - аудандық, 165 - ауылдық мекендерде және 60 - облыс орталығының ірі кәсіпорындарында ашылған болатын.
Отырыс соңында қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері оқылған баяндамаларды қабылдап, ұсыныстар енгізді.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды