28 Қыркүйек, 2016
2176
Көне Тараз – достық аумағы.
Жамбыл жерінің тарихы терең және бай. Өзіндік ерекшелігі бар жұмбақ өлке. Тауы мен суы, құмы мен шөлейті бар өлке. Кімде кім Жамбыл жерінде болса жүрегінде осы өлке туралы керемет бір естелігін сақтап қалады.
Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көне Тараз – достық аумағы» атты облыстық фестивалі өтті. Көрермендерге толы зал облыстағы әртүрлі этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін жинады. Фестивальды «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров ашты. «Тараз - Қазақстанның көне қалаларының бірі. Қаламыз арнасынан аспай, толқымай жәй ғана ағып жатқан өзенге ұқсайды. Тарихы мол бейбіт қала. Бүгінде аймақтық ассамблея этносаралық келісімді нығайту мен сақтау барысында мыңдаған іс-шаралар өткізілуде, олар халықты өз елінің патриоты болуға, этносаралық қарым-қатынас пен мәдениетті нығайтуға тәрбиелейді. Құрметті қонақтар және көне Тараз жерінің тұрғындары, біз сіздерге фестивалімізге қош келдіңіздер дейміз», - деді өз сөзінде ол.
Фестивальды «Ақ кербез» биімен «Бозторғай» ансамблі ашса, «Арт-Мэн» тобы «Құс қанат ғұмыр» әнімен жалғастырып жиналғандардың көзайымына айналды. Сондай-ақ көрермендер Осман Делихасан-оглының орындауындағы күрді әнін, Арипова Эльмираның орындауындағы дүнген халық әнін, Ахметшина Рузаляның орындауындағы «Гармун алыйк» татар әнін, Вятчина Тамараның орындауындағы еврей халқының «Хава нагива» әндерін тыңдады. Ал Меркі ауданынан келген Серова Александра и Шидокова Зухра «Кавказ» әнін қарашай тілінде орындаса, Жуалы ауданынанан келген әзірбайжан қызы Саядова Милана қазақтың ұлттық аспабы домбырамен «Салкүрең» күйін орындап шықты.
«Арт-Мэн» тобының орындауындағы «Ұлы дала» әнін жиналған көрермендер қосыла шырқады. Фестиваль соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті