
10 Қараша, 2016
1037
«Көпұлтты Орал жастары» - «Біз әр түрліміз, бірақ теңбіз және татумыз» V облыстық форумы
Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Қорған қаласында өткен Ресей халықтар бірлігі күні мерекесіне арналған «Көпұлтты Орал жастары» - «Біз әр түрліміз, бірақ теңбіз және татумыз» V облыстық форумында қатысты.
Делегация құрамында"Мағжан Жұмабаев ауданы жастары бастамасының орталығы" КММ директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Анара Құсанова, «Шал ақын ауданы жастары бастамасының орталығы" КММ директорының м.а. Шолпан Кұсайынова, "Қоғамдық келісім" КММ көркемдік жетекшісі Сағыныш Бектемірова, Қызылжар орталық аудандық ауруханасының кардиолог-дәрігері Хеда Авхадова болды.
Кездесу бүкіл Орал жастары «Команда» облыстық профильді ауысымына жиналған «Сауықтыру кешені» муниципалдық автономдық мекемесінде өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары Қорған облысының Үкіметі, білім және ғылым департаменті, орал халықтары ассамблеясы және облыстық балалар-жасөспірімдер орталығы.
Пленарлық мәжіліс Қорған облысы үкіметінің, Қорған облысы думасы мен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтау сөзінен басталды.
Іс-шара барысында Орал халықтары ассамблеясы кеңесінің төрағасы Владимир Уфимцев «Қорған облысындағы этноконфессионалдық жағдайы және Орал жастарының ортасы» тақырыбында баяндама оқыды. Владимир Дмитриевич өз сөзінде конфессияаралық және ұлтаралық түсініспеушіліктердің, қандай-да бір қарама-қайшылықтардыың алдын ала білу керектігін айтты. Баяндама соңында ол барлық қатысушыларды Халықтар бірлігі күнімен құттықтады.
Биылғы жыл ресейліктер үшін кино жылы болып саналады. Сол себепті ұйымдастырушылар осы іс-шараға Қорған облысының кәсіби өнер және шығармашылық білім беру секторының меңгерушісі Екатерина Тершукованы, заманауи өнердің Еуразиялық орталығы директоры Вадим Осадчийді және де «Кинолоция» клуб-лекториясының жетекшісі Валерия Алексееваны шақырған болатын. Олар Кино жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралар жайлы айтып берді.
Пленарлық мәжілістен кейін қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша «дөңгелек үстелдерге» қатысты. Сарапшылар балалармен дін, ұлтаралық қатынастар, саяси белсенділік, заманау кино және медия тақырыптарын қозғады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар билік органдары мен БАҚ-на жолданатын ұсыныстар дайындады.
Сонымен қатар ресми сапар барысында біздің делегация Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы өкілдерімен кездесіп, шығармашылық мұражайға барды. Мұражай директоры Ирина Паламарчук кезінде Петропавл қаласында тұрған және жергілікті өнер мұражайын басқарған екен. Қызықты экскурсия барысында Ирина Михайловна бізге Челябі облысының көне Аркаим қаласының тарихы жайлы айтып берді. Кездесу соңында қонақтар арнайы қабырғаға этникалық суреттер салып, тарихта өз іздерін қалдырғандай болды.
Қызыққа толы сапардан көңілді қайтқан біз ұйымдастырушыларға жылы қарсы алғандары мен қонақжайлылық танытқандарына зор алғысымызды айтық. Біз үшін бұл мазмұнды күндердің бірі болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті