Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2016

853

Көптілділік – бірігуге бастайтын қадам

                Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Көптілділік заманауи қоғамда болашақ мамандарды әлеуметтендіру факторларының бірі ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Оның ұйымдастырушысы «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ. Іс-шараға ОҚХА хатшылығы, ғылыми-сарапшылық тобы, тілдерді дамыту бойынша басқарма қызметкерлері, студенттер, ЭМБ өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері қатысты. 

                - Үштілділік бүгінгі күні біздің Президентіміз алға қойған басым міндеттердің бірі болып табылады. Біздің өсіп келе жатқан ұрпақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы үшін көп тілді игеруі тиіс, - деп айтып кетті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова өз сөзінде.

                Жоғары оқу орындарының оқытушылары оқу үдерісіне үштілділікті енгізу тәжірибесімен бөлісті. Жиында сабақ беру деңгейін арттыру үшін еуропалық ЖОО мамандары шақырылатыны және  академиялық мобильділік шеңберінде үздік студенттер Шығыс Еуропа университеттерінде оқуға мүмкіндігі бар екендігі айтылды.

                - Биыл үштілділік бағдарламасы бойынша қабылданып, білім алған екі мамандық иелерін шығарып саламыз – олар «аймақтану» және «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету». Біздің түлектер бәсекеге қабілетті мамандар, оған біз сенімдіміз, - деп тоқтала кетті ОҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Ерменбаева «Тілдердің үшбірлігі – «Мәңгілік Ел» идеясының бір векторы» атты баяндамасында.  

                -2009 жылдан бастап үштілділікті «биология» мамандығы бойынша енгізуді бастадық және кадрлар дайындау барысында студенттерді тілдік ортасына баулуды жолға қойдық, оны кеңейту үшін шетел ғалымдарын шақыра бастадық, - деді ҚМПИ  жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Дәмелі Қонысбаева. - Тіл білімі болашақ талапкерлердің жақсы деңгейде дайындалғанын талап етеді. Біз тіл үйренуді олардың мектептен бастағанын жөн көреміз. Кейбір оқу орындары бастапқы тіл үйрету ісімен айналыспайды, сондықтан үштілділік мәселесін  бастауыш деңгейде шешу қажет, сол кезде балалар ЖОО-да өзінің басым білімдерін жетілдіре алар еді.

                Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көптілді топтарының студенттері өздерінің тәжірибелері туралы айтып кетті.

                ҚМПИ-дің ғылыми жұмыс және шетелдік байланыс бойынша проректоры Еркін Әбіл өз сөзінде: - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты алдағы ЭКСПО-2017 үшін белсенді түрде ерікті адамдарды дайындауға кірісті. Біздің бірінші міндетіміз – мемлекеттік тіл рөлін нығайту, ғаламдық, әлем тілі болып табылатын ағылшын тілін кеңінен енгізу, ең бастысы белгіленген жоспарды жүзеге асырудан қалып қоймау, - деп атап өтті.

                Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар қабылданды. 

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай