30 Қаңтар, 2017
976
Кәрістер қауымдастығы Сольналь мерекесін атап өтті
28-ші қаңтарда «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының ұйымдастырумен кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.
Салтанатты кешке Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты.
Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасарлары Рахима Ахметова, Асылбек Жұмабаев және «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кету керек, үстіміздегі жылы кәріс этносының Қазақстанда тұрғандарына 80 жыл толады.
Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай қаңтардың 28-де тойланды. Жаңа жылды кәріс этносы өз отбасыларымен қарсы алады. Дәстүрге сәйкес бұл күні балалары ата-аналарына сәлем береді, ал ата-аналары оларға Жаңа жылдық ақша сыйлады. Барлық отбасы мүшелері ханбок ұлттық киімін киді.
Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық отбасымен бірге – юннори және лянгі тебу ойынына ұқсас – чегичхагиді ойнады. Ал, барабаншылардан құралған кәрістер самульнори ансамблі жиылған жұртшылықты өз өнерлерімен баурап алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ