
12 Қазан, 2017
954
Кәрістердің Қазақстанды мекен еткеніне 80 жыл
Елімізді мекен еткен кәріс ұлтының Ақтаудағы өкілдері Қазақстанға қоныстанғандарына 80 жыл толуы мен облыстық «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толу мерекесін салтанатты түрде атап өтті.
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастырған мерекелік жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Қазақстандағы корейлер қауымдастығының өкілдері, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының әртістері, ардагерлер, облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
1937 жылы қазақ жұртына 100 мыңнан астам корей халқы жер аударылды. Қазір Маңғыстау облысында 800-ге жуық корейлер тұрады. Қос мерекеге орай, Қазақстан кәрістер қауымдастығы «Адай» төңкеріс комитетінің тұңғыш төрағасы Тобанияз Әлниязұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алу іс-шарасын өткізді.
Сондай-ақ, Қазақстандағы корейлер қауымдастығының өкілдері қаланың әлеуметтік нысандарымен танысып, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Дэ Сик Ким Маңғыстау облысы әкімінің қабылдауында болды. Кейін, Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Рухани жаңғырту - халықтар бірлігінің факторы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мерекелік жиын облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында қорытындыланды. Салтанатты кеште ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің марапатына ие болды.
- Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қазақ халқы тағдырлас корей халқының жағдайын тереңінен түсініп, бауырына басты. Сол уақыттан бері корейлерден бірнеше ұрпақ тарады, бүгінде олар осыншама ыстық ықылас пен аса мейірбандылық танытқан қазақ жұртында қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп жүрген, кез-келген салада өзіндік үлесі бар ел азаматтары болып отыр. Сондықтан «жер аударылғандарына» емес, «бірге тұрып жатқанымызға» 80 жыл деп айтуымыз қажет, – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Іс-шара өңірге танымал өнерпаздар мен Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының концерттік бағдарламасымен, жергілікті суретшілердің жұмыстарынан жасақталған қолданбалы шығармашылық көрмесімен жалғасты.
Дата события ассамблеи: 12.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді