29 Қыркүйек, 2015
1342
Кәрістердің көрнекі мерекесі
Аймағымыздағы кәріс ұлтының өкілдері өздерінің ұлттық мерекесі - Чусокты кең көлемде атап өтті. Соңғы екі жылдан бері мерекені дәстүрлі түрде тойлауды әдетке айналдырған облыстық «Тхоньил» кәрістер этномәдени орталығы ежелден келе жатқан отбасылық мейрамды бұл жолы ерекше көңіл-күймен тойлады.

Чусок – кәрістер үшін шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды тойлаудан кейінгі маңыздылығы жағынан екінші мейрам. Айтулы күнді орақ мерекесі санайтын кәрістер осы күні өздерінің бақилық болған ата-аналарын еске алады. Бейіт маңын тазартып, еске алу үстелін жасап, қабір басына егін орағының ең үздік сыйларын қояды. Еске алу шаралары өткеннен кейін, мереке отбасы ортасында жалғасын табады.
Облысымызда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері жиналған «Қоғамдық келісім үйінің» ауласында кәрістер ұлттық өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындарын ойнап, көпшілікке ұлттық тағамдарын ұсынды. Мереке концерттік бағдарламамен басталып, кәріс әндерінен республикалық байқаудың дипломанты Байбақты Ідірбай, «Саранг» хоры, Инга Тұрсынова жетекшілік ететін «Со Куан» би ұжымы, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің, «Татулық» татар-башқұрт орталығының шығармашылық ұжымдары, «Самульнори» барабаншылар ансамблі және басқалар өнерлерін ортаға салды. YTT, WASD, Hell Cats би топтарының жастары заманауи кәріс эстарадасының бағыты К-рор стиліндегі билері жиналғандарды таң-тамаша қалдырды. Сондай-ақ, самульнорист барабаншылар шеберлік сағаттарын өткізіп, «оқушылардың» біліктілігін арттырды. Мереке аясында кәрістердің ұлттық киімдері де назардан тыс қалмады – түрлі бояуларға малынған жұмсақ ханбоки матасынан тігілген киімдерді көзбен көруге ғана емес, киіп, естелік суретке түсу де мүмкін болды.
«Тхоньил» ЭМО кәріс тілінің оқытушысы, Сеул қаласында туып-өскен Ли Тэ Ген қонақтарға кәріс каллиграфиясының ерекшеліктерін көрсетсе, балалар мен үлкендер арқан тарту, қазақтың ләңгі тебуіне ұқсас джеги-чаги, ағаш таяқшаларды кәрзеңкеге түсіру ойындарын ойнап мәре-сәре болып жатты.
Кәріс ұлтының түрлі тағам түрлері ұсынылып, аспаздардың шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды.
Мәлике Мәлікқызы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ