30 Сәуір, 2024
359
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, ҚР Оқу ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ қолдауымен «Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға 72 елордалық мектептің 120-ға жуық өкілі, омбудсмендер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Ұйымдастырылған семинар мектеп оқушыларының білімін кеңейтіп қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Іс-шара барысында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ президенті Есенғазы Иманғалиев бірлік пен келісімнің маңыздылығы, олардың елдің өрлеуі мен дамуы барысында атқаратын рөліне кеңінен тоқталды. Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған институт ретіндегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи мен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтар жастарды тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары рухында тәрбиелеу тетіктерін баяндады. Сондай-ақ, жанжал тудыратын жағдайларының алдын алу және қоғамдық медиацияны дамыту турасында ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов сөз қозғады.
Әрі қарай пікірталас барысында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының жаттықтырушылары «Қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбына тереңдей отырып, оның мектеп омбудсмендерінің міндеттерін табысты орындаудағы маңыздылығына мән берді.
Пікірталас барысында оқушылар тиімді қарым-қатынас жасау дағды ғана емес, сонымен қатар жанжалдарды шешудің, үйлесімді қарым-қатынастарды қолдау мен сындарлы нәтижелерге қол жеткізудің негізгі құралы болып табылатынын атап өтті.
Семинар соңында әрбір қатысушы бағалы білім алып қана қоймай, іс-шараға белсенді қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы