
10 Маусым, 2016
807
Күш-жігерлерін біріктірді
Еліміздегі екі ірі күш – саяси лидер «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысты қарқынды жүргізу, белгіленген жаңа міндеттерді орындау мақсатында бірлескен жоспарларын бекітті.
8 маусым күні «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партия белсенділері мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, Аналар мен ақсақалдар кеңестерінің, Жамбыл облысы ҚХА жанынан құрылған «Ақ желкен» жастар лигасының басшылары және белсенді мүшелері жиналды. Олар көптеген игі іс-шаралардың бастамашысы және серіктестері ретінде, әрі дос ретінде кездесті. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат пен облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева 2016 жылдың аяғына дейін бекітілген іс-шаралар жоспарына қол қойды.
- Біз көптен бері бірігіп жұмыс істеп келеміз, - деп атап өтті өз сөзінде М.Қожаева жергілікті бұқаралық ақпараттар өкілдеріне берген сұхбатында. - Міне, бүгін де біз өз жұмысымызды белгілі бір жүйеге келтіріп отырмыз, себебі біздің алға қойған мақсатымыз сәйкес келеді. Бірлескен жоспар не үшін керек дерсіздер? Саяси партия мен ассамблеяның қоғамдық құрылымдарын шоғырландыру арқылы халыққа арналған іс-шаралардың тиімділігі күрт артады. Бұл дегеніміз, әлеуметтік және отбасылық мәселелерді шешу бойынша бірлескен қоғамдық қабылдаулар, естелік және мерекелік күндерге арналған біріккен іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар.
Бірінші тамыздан бастап 30 тамызға дейін бізді жыл сайын өткізілетін және ауқымды сипатқа ие болған «Мектепке жол» акциясы күтіп тұр. Қыркүйек айында – мемлекеттік тілді және Жамбыл облысында тұрып жатқан 87 этностың мәдениеті, әдет-ғұрып және салт-дәстүрлерін дамытуға арналған бірқатар іс-шаралар. Қарттар күніне орай біріккен іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Біріккен форумдар, акциялар, конференциялар мен «дөңгелек үстел» отырыстары, ауылдық жерлерге шығып, облыс тұрғындарының ойларын тыңдау және орындау. Осылай біріге отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ойдағыдай атап өтуіміз керек. Жалпы бірлескен іс-шаралар аясында азаматтық және материалдық ресурстарды, шығармашылық әлеуетімізді біріктіре отырып, жұмыс тиімділігін екі есе арттыратынымызға сенініміз мол. Бұған жамбылдықтардың көзі әлі-ақ жетеді деген ойдамын.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмола облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ҚХА-ның 25-жылдығы төңірегіндегі шараларды күшейтпек
-
Ақмола облыстық ҚХА Кеңесі қоғамдық құрылымдардың жұмысын күшейтуді ұсынды
-
Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті
-
Павлодарда күштеп жер аудару науқанының құрбандарын еске алды
-
Аймақтарда вайнах халқының Қазақстанға күштеп жер аударылғанына 75-жыл толуына орай естелік кездесулер өтті
-
Біздің күшіміз бірлікте!
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмола облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ҚХА-ның 25-жылдығы төңірегіндегі шараларды күшейтпек
-
Ақмола облыстық ҚХА Кеңесі қоғамдық құрылымдардың жұмысын күшейтуді ұсынды
-
Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті
-
Павлодарда күштеп жер аудару науқанының құрбандарын еске алды
-
Аймақтарда вайнах халқының Қазақстанға күштеп жер аударылғанына 75-жыл толуына орай естелік кездесулер өтті
-
Біздің күшіміз бірлікте!