
26 Ақпан, 2023
471
«Күшіміз бірлікте» іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Тараз қаласында «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Күшіміз бірлікте» іс-шарасы өткізілді.
Табиғи апат болған екі аймаққа елімізден жіберілген қамқорлық-көмекті айшықтайтын бейнероликтен басталған іс-шараға облыс, қала әкімдігі, облыстық, қалалық ішкі саясат басқармасының өкілдері, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестігінің мүшелері, білім, спорт саласы қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері, дін өкілдері мен БАҚ тілшілері және Ассамблея жастары қатысты.
Өңіріміздегі этнос өкілдері – этносаралық достықты сақтау, өскелең ұрпақтың бойына патриотизмді дарыту, мәдени және тарихи мұраларымызды оларға аманаттау, қайырымдылық істерінде өз миссиясын лайықты орындайтын жандар. Сонымен қатар, бірлікті, этносаралық және дінаралық келісімді нығайтуға да баға жетпес үлес қосуда. Солардың бірегейі – «Ахыска» түрік этномәдени орталығы.
Жуырда орын алған бауырлас Түркиядағы табиғи жойқын апат – жер сілкінісі ешкімді бей-жай қалдырмады. Осыған орай, Ассамблея тарапынан ұсынылған гуманитарлық көмекті «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі үйлестірген болатын.
Шара барысында қол қусырып қалмаған көмек берушілерге облысқа белгілі бірқатар азаматтар алғыс-тілектерін білдірді. Олардың қатарында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбәрак Қасымқызы да аймақтық Ассамблея атынан өз тілек-рахметін айтты.
Сондай-ақ, арнайы қайырымдылық ас үстінде аталмыш Түріктер бірлестігінің төрағасы Махмуджон Мираддинұлы Давришев аймақтық этномәдени бірлестіктері, ҚХА мүшелері, меценаттар, діни бірлестіктердің өкілдері, аудандар, жалпы жұртшылық атсалысуымен облысымыздан 84 млн 400 мың теңге қаржылай, 24 фура 480 мың тонна азық-түлік және алғашқы қажеттіліктегі құралдар жиналғандығынан жиылған жұртшылықты хабардар етті.
Үйлестірушілер көмегімен оның 4 фурасы – Сирияға, 20 фурасы – Түркияға аттандырылып, қаржылай көмектер Дүниежүзілік түрік-ахыска қауымдастығының (DATÜB) арнайы шотына жіберілген болатын. Сөзін қайыра келе: «Мен барша жамағатқа зор рахметімді айтамын! Бауырластықтарыңызға мың алғыс! Ауызбіршілігіміз нығая түссін, ағайын! Алапат зілзала, пәле-жаладан Қазақстанымыз аман болсын! Асымыз қабыл болсын!» - деп ерекше ыстық ықыласпен өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.
Түрік ағайындар ұйымдастырған бүгінгі 500 адамға дайындалған қайырымдылық асының мақсаты да осы көмегін аямай, қолұшын берген жандарға Алғыс айту күнінің қарсаңында ризашылық білдіру және апатта шейіт болғандарға құран бағыштау, аманшылыққа дұға етуеді.
Іс-шара өз деңгейінде жақсы өтті, кеңінен жайылған мол дастарханнан үлкен-кішінің бәрі ауыз тиіп, сауапты іске куәгер болды.
Шара соңында Жамбыл облысы бойынша бас мүфтидің орынбасары, бас имам Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев қайырымды асқа қатысқан жұртшылыққа тәубешілік, сабырлық, қанағат, имандылық - табиғи апаттардың алдын алу жөнінде мысал келтіре отырып уағыз айтып, бүгінгі жиылыстың себебі болған тоқсан ауыз алғыс-рахметтің соңын түйіндеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті