11 Тамыз, 2015
922
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру - Қарағанды облыстық ҚХА отырысында кеңінен талқыланды
11 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық хатшылығының бастамасымен этномәдени ұйымдар басшыларының кеңесі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент өкілі Дидар Смағұлов және Қарағанды облысы терроризмге қарсы күрес қызмет бөлімінің бастығы Жанболат Сәрсембаевтың қатысуымен «100 нақты қадам» реформасының Кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытын талқылау бойынша кездесу өтті.

Облыстық Ассамблея хатшылығының төрағасы Ерлан Құсайын мәжілісті Елбасының бес институционалдық реформасының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басты сатыларын атап, жалпы жобаны іске асыруда атқарылып жатқан игі іс-шараларға қысқа-нұсқа тоқталып өтті. Оның ішінде, республикалық және облыстық ақпараттық топтың халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып жатқанын да айта кетті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мемлекеттік кызмет көрсетудің үздік үлгісін қалыптастыруда Ассамблеяның мемлекеттік органдармен бірлесе отырып барлық бастамаларға демеу болуы. Бұл орайда этномәдени ұйымдар мен орталықтардың атсалысуы аса маңызды. Мемлекеттік қызметті пайдаланушы жалғыз тарап – халық. Халық берер баға - Президент тапсырған осы саладағы бірқатар міндеттер қаншалықты тиімді орындалып жатыр, мемлекеттік органдардың құзіреттілігі мен біліктілігінің сәйкестігін айқындауға болатын мүмкіндіктің бірі.
«Мемлекеттік қызмет пен көмек ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатыны анық. Сол себепті 2014 жылы 10 жылға арналған жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданған болатын. Және бұл бағдарлама – Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы күрес саясатында өз ұстанымын айқындап берген бірегей құжат», - деп департамент өкілі баса айтты. Сондай-ақ, аталмыш құжатта көптеген кешенді міндеттер жинақталып, соның бірі қоғамдық қадағалау екені айтылды. Демек, дәл осы тарапта этномәдени орталықтар мүдделі ұйымдармен қоян-қолтық әрекеттесіп, қарқыны азаймаған қылмыстардың алдын алуғ өз үлесін қоса алады деген сөз.
Лаңкестікке қарсы күресті де күшейту – уақыт күттірмейтін мәселе. Бұл міндетке Ассамблеяның қосар үлесі де аз емес. Медиация орталықтарымен тығыз серіктесе отырып, еліміздің азаматтарын, әсіресе, жастарды лаңкестік топтардың ықпалынан аулақ ұстаудың жолдарын қарастырған шараларды әзірлеу және оны іске асыруды қолға алу – еліміздегі тыныштық мен бейбітшілікті сақтап қалудың алғышарттары екені де кеңінен талқыланды. Этномәдени ұйымдардың ақпараттық-насихаттық жұмыстарды белсенді жүргізуі – жоғарыда аталған проблемаларды шешуде негізгі қажеттілік екені сөзсіз.
Кездесудің нәтижесі бойынша, алда Ассамблея атқаратын алқалы іс-шаралар мол екені анықталды. Сол міндеттерді мінсіз атқару – Елбасы сенім артқан аманат.
Қарағанды облысы әкімдігінің
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты