
26 Шілде, 2018
1266
«Күй-керуен» шертпе күй орталығының алғашқы отырысы өтті
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының бастамасымен, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Достық үйі ғимаратында «Күй-керуен» шертпе күй орталығы ашылды.
Бұл орталықтың жұмысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасын негізге ала отырып, әр ұлт өкілдеріне қазақ халқының мәдениетін, өнерін игеруге ықпал ету, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған.
Қазіргі заманда әлемдегі жалпы жаһандану және коммерцияландыру үрдісі, рухани және мәдени саланы қоса алғанда, адам өмірі мен қоғамның барлық саласын бір ізге салуға пәрменді ықпал етуде.
Мұндай жағдайда бірегейлікті сақтау үшін қазақтың ұлттық құндылықтары, тарихы мен дәстүрлері шоғырландырушы құндылық болып табылатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы — қазақ халқының жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайтудың біріктіруші рухани бастауы болып табылатын мәдени феномендерін және басты ізгілікті кағидалары мен императивтерін ашуға, таратуға және оны Қазақстанның барлық этностарының қабылдауына бағытталған ауқымды жоба.
Міне осынау айтулы жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған орталықтың алғашқы отырысы өтті.
«Күй-керуен» шертпе күй орталығының алғашқы жиынында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын сөз кезегін алып, орталықты ашудағы негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды, маңыздылығын атап өтті.
«Күй-керуен» орталығының жетекшісі Қайролла Садуақасов орталықтың жұмыс жоспарымен таныстырып, 22 маусымда Шет ауданында Дәулетбек Садуақасұлының 80 жылдық мерей тойы шеңберінде өткен бірінші республикалық шертпе күй фестивалінің жұмысына талдау жасады. Жиын барысында сөз алған ҚР ұлттық жаратылыстану ғылымдары және халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Темірғали Көкетай сөз барысында ұлттық мәдениетті, оның ішінде өнер саласын дамытуға үлкен жауапкершілікпен қарау керек екенін ескере келе, шертпе күй өнері — қазақтың төл өнері екенін ерекше атап айтты. Сонымен қатар, орталық мүшелері ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Мұхамедқали Баймуханов, Қазақстанның құрметті журналисі Төрехан Майбас, Қазақстанның мәдениет қайраткері Абылай Шуланбаев, журналист Айқын Несіпбай, халық әндерін орындаушы, домбыра жасау шебері Ержан Тұрсынов өз ойларын ортаға салып, орталық жұмысына сәттілік тіледі. Жиын барысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.
Жиын соңында Шет ауданында алғаш рет өткен бірінші республикалық шертпе күй фестивалінің жұмысына белсене қатысқан азаматтар арнайы алғысхатпен және төсбелгімен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті