
30 Қазан, 2023
254
«Күз-2023»
30 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша Департаменті ғимаратында «Күз-2023» шақырылымы сарбаздарының әскери Ант қабылдау рәсімі өтті.
Шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша Департаментінің басшылық құрамы, Атырау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хамза Ғабдолла, «Светоч – Атырау» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі Р.Биткова және сарбаздардың ата-аналары қатысты. Ант қабылдау рәсімінің мақсаты – жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың әскери дәстүрді жалғастыруы, Отансүйгіштік және ұлтжандылық қасиетті қалыптастыру, дамыту.
Шарада жас сарбаздар, қонақтар және ата-аналарға арналған сазды бағдарлама және Департамет құрамындағы «арнаулы ұтқыр іс-қимылдар» тобының ұйымдастыруымен жауынгерлік ұрыстағы жаттығулар ұсынылды.
Биыл «Күз-2023» шақырылымы бойынша еліміздің барлық өңірлерінен жасақталған 150-ге жуық сарбаз айбынды шекарашылар қатарын толықтырды.
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті