21 Қазан, 2021
646
Каникар Алтын: Бір жарым жыл ішінде 20 000-ға жуық әйелге қолдау көрсеттік
Бес баланың анасымын. Бір баламыз даун синдромды бала. Бұны айтып отырғаным – мені қазіргі қоғамда көп балалы аналар туралы қалыптасып отырған пікірлер елеңдетеді.
Мен өз тағдырым, өмір жолым арқылы – көп балалы болу бақыт екенін, біздің елімізде ешкімге қол созбай өмір сүруге болатынын жеткізгім келеді. Төрт жылдан бері «Әйел бақытты болса, бала бақытты, бала бақытты болса ел бақытты» деген тақырыпта жұмыс жасап жүрмін. Нақтырақ айтар болсам, әйелдер қауымы үшін тұлғалық даму мен рухани өсу ортасын жасап отырмын. Осы тұжырымды клуб арқылы таратып жүрмін. Клуб жұмысы әйел адамның үйде отырып білім алуына, кәсібін әрі қарай онлайнда жалғастыруға арналған. Біз клубта қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие смм, копирайтер, таргетолог, сайт жасаушы мамандықтарына оқытамыз. Сонымен қатар, өз кәсібі мен өзін әлеуметтік желіде дұрыс позициялау, интернет желісін тиімді қолдануға үйретеміз. Біздің клубқа көпбалалы, жалғызбасты аналар және осал топтардағы жандар келеді. Біз, ең алдымен, оларды стресстен арылту, өмірге құлшынысын арттыру үшін психологиялық тренингтер өткіземіз. Содан кейін бағыт-бағдар беріп, өз кәсібін табуға жол сілтейміз. Бір жарым жыл ішінде 20 000-ға жуық әйелге қолдау көрсеттік. Олардың арасында өз кәсібін ашып, жұмысын бастап кеткендер де бар.
Көпбалалы аналар ешкімге масыл болғысы келмейді. Өз кәсіптерін ашып, өрбітіп, егемен елдің азаматтарын тәрбиелеуді қалайды. Мемлекет тарапынан аналар үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. «Бақытты отбасы», «Жанұя», «Аналар үйі» сияқты бағдарламалар облыстар мен қалаларда іске асырылуда. Дегенмен, қоғамда аналарға ұлттық рухани тәрбие беру қажеттілігі бар. Себебі, Ана - ұлттың ұяты. Бізге АНАЛАР МЕКТЕБІН қалыптастыру қажет. Тараз қаласында жақында ашылған «АНАҒА ТАҒЗЫМ» рухани тәрбие орталығы осы мақсатты толығымен қамтып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күні елімізде 33 өңірлік отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. Біз осы орталықтардың базасында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруды ұсынамыз. Жоба аясында аналар кеңестері аналарға ана тілін үйретуді, елге танымал аналарымызды қазақтың «төркіндеу» рәсімі арқылы жастарға насихаттауды, отбасылардың шаңырақтарын шайқалтпау үшін келін болуды, ене болуды, баланы рухани тәрбиелеуге кеңес беруді қолға алады.
Осы орайда, барлық өңірлерге Тараздың тәжірибесін таратуды және «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруға әкімдіктер тарапынан қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!
Каникар Алтын,
коуч-мотиватор, «KANIKAR club»
әйелдер клубының жетекшісі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28