13 Ақпан, 2015
922
Казакстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы
6 ақпанда Бейбітшілік және келісім сарайында, еліміздің барлық өңірлерінде синхронды түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы салтанатты ашылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және ҚР Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 25-тармағын орындау мақсатында 2015 жылғы 6 ақпанда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуын ұйымдастырып, өткізді (бұдан әрі – ҚХА жылының ашылуы). Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын көтеру салтанаты және «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-моб өткізілді. Астана қаласының уақытымен сағат 11.00-де республиканың барлық қалаларында, облыс және аудан орталықтарында, алыстағы ауылдарда Ассамблея жылының Туы көтерілді. Туды салтанатты көтеру рәсімін Қазақстан этностарының татулығы мен бірлігін, бейбітшілік, достық және жасампаздық идеяларын жастардың қолдайтындықтарын білдіретін «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты әсерлі, көркем флеш-моб жалғастырды. Аталған флеш-мобқа Астананың 500-ден астам жас тұрғыны мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Бейбітшілік және келісім сарайының холлында «Халық мұрасы» атты халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өткізілді, мұнда Астана, Семей, Көкшетау қалаларының, Оңтүстік Қазақстан облысының, сонымен қатар, этномәдени бірлестіктері қолөнер шеберлерінің матадан, ағаштан, күмістен, керамика, сазбалшықтан және басқа материалдардан жасалған бұйымдары келушілер назарына ұсынылды. Көрменің ерекшелігі – қолөнершілер өз өнерлерін әртүрлі бұйымдар жасап көрсеткен бірегей мастер-класстар ұйымдастырылды. Көрме-жәрмеңкеге барлығы 25 шебер, оның ішінде, Астана қаласынан «Алтын Орда» ЖШС, «Безмолвный Мир» ҚҚ, Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы, «Оберег» Украина этномәдени орталығы қатысты. Бейбітшілік және келісім сарайының залында ҚХА жылының ресми ашылуы салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары- Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, Астана қаласының әкімі Ә.Жаксыбеков, Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, ҚР Парламентінің депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері, белгілі қоғам, саясат және мәдениет қайраткерлері, олимпиада чемпиондары және еліміздің атақты спортшылары, этномәдени бірлестіктер және мемлекеттік ұйымдар өкілдері, жастар қатысты. Қатысқандардың жалпы саны 1500 адам. Салтанатты рәсімге қатысушылардың алдында ҚР Президентінің осы атаулы шараға арналған Құттықтау сөзін ҚР Мемлекеттік хатшысы оқып берді. Іс-шаралар аясында танымал қоғам және саясат қайраткерлері, республикалық этномәдени бірлестіктер басшылары, шығармашылық интеллигенция және жастар өкілдері 2015 жылдың атаулы мерекелеріне арналған, негізгі қағидаты этносаралық қатынастар мен әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған 9 түрлі республикалық конкурстар мен жобаларды жариялады:
1. Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобаға конкурс;
2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым!» республикалық жобасы;
3. «Мың бала» атты республикалық мәдени-ағарту мега-жобасы;
4. Еңбеккерлер әулеттері арасында өтетін «Армандаған мамандық» атты үздік ғылыми жобаға конкурс;
5. Бизнес-құрылымдар (компаниялар, қорлар), банк секторы және республикалық ұйымдар арасында өтетін «Жүректен – жүрекке» атты үздік қайырымдылық жобаға конкурс;
6. Этномәдени бірлестіктер арасында өтетін «Мейірімділіктен - бірлікке» атты үздік әлеуметтік жобаға конкурс;
7. Тұңғыш Президент – Елбасының сынағына арналған Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның олимпиада чемпиондары мен спортшыларының бастамасымен өтетін «Ұлт рухы» атты жоба;
8. Журналистика саласындағы «Шаңырак» шығармашылық конкурсы;
9. ҚХА-ның «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» атты үздік инновациялық жобасына конкурс .
Салтанатты рәсімде ҚХА–ның 20 жылдығына арналған «ҚХА – 20 ізгі іс!» атты республикалық эстафетаның тұсауы кесілді, аталған эстафета аясында облыстарда, Астана және Алматы қалаларында түрлі әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қайырымдылық шараларын өткізу жоспарлануда. Қасиетті Түркістан жерінде ақсақалдардың ақ батасы берілген эстафета символы - «Тайқазанды» Ассамблея делегациясы Астана қаласына жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлес қосатын ізгі істермен «толтыруға» республика облыстарына аттандырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
вчера, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы