Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қыркүйек, 2018

1256

КЕЛЕШЕКТЕ — КЕЗДЕСУЛЕР, ЖОБАЛАР, БАСТАМАЛАР

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің Таиланд Корольдігінің делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне үлкен қызығушылық танытқан тайлықтардың бастамасы бойынша өтті. Шетелдік миссия құрамында 39 адам болды. Бұл — мемлекеттік қызметшілер, жоғары оқу орындары мен өндірістік компаниялардың басшылары. Қазақстандық аудитория ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен, этномәдени бірлестіктердің басшыларынан, мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғылыми және шығармашыл зиялылардан құралды.

ҚХА Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконың айтуынша, талқыланатын мәселелер қоғамдық сананы жаңғыртуға және жаңа кезеңде жас көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерімен үйлестірілетін болады.

Ол сондай-ақ қазақстандық бірлік пен келісімнің үлгісі тарихи, этникалық және демографиялық ақиқатқа байланысты екенін айтты. Сонымен қатар оның пікірінше, біздің елдеріміз өзара тиімді ынтымақтастықтың түйісу және даму нүктелерін таба алады.

Таиланд бүкіл әлемде дамыған сервисі және инфрақұрылымы бар бірегей туризм объектісі ретінде танымал. Кездесуде тайлықтар Қазақстандықтардың өндіруші өнеркәсіптегі, ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы жетістіктері қызықтыратынын атап өтті. Қонақтар ғарышқа алғашқы рет ұшу «Байқоңыр» ғарыш айлағында болғанын естеріне алды. 

«Nation-building Institute» (Ұлт-құрылыс институты) төрағасы, Гарвард университетінің аға ғылыми қызметкері Криенгсак Чареонвонгсак Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктері туралы айтып, ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ стратегиялық мақсаттарға жету үшін этностарды біріктіру міндеттерінің күрделілігіне назар аударды. Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Таиландта 56 этнос тұрып, 4 дін уағыздайды. Криенгсак Чареонвонгсак этникааралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты және тайлық мемлекеттік қызметшілерінің басқарушылық және моральдық қасиеттерін арттыруға бағытталған жобаны іске асыру туралы айтып берді.

Тай делегациясының басшысы Криенгсак Чареонвонгсак Қазақстанға қысқа мерзім ішінде Тайланд ЖІӨ бойынша қуып жетіп, асып кеткенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында атап кеткендей, белгілеген күшті көшбасшылықтың және нақты саяси бағыттың жарқын дәлелі.

Өз кезегінде Леонид Прокопенко 1991 жылы КСРО ыдырауы этникалық шекараларымен өткенін байқады. «Ұлы шахмат тақтасы» кітабында американдық саясаттанушы Збигнев Бжезинский Орта Азия елдерін Балқандармен салыстыра отырып, этникалық белгісіне қарай бөлінеді деп болжалдаған. Бірақ Қазақстан этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағыт алды, сондықтан біз барлық қиындықтарды еңсеріп, ұлттық негіздегі шиеленістер мен қақтығыстарды болдырмауға қол жеткіздік.

Біздің елде қазақ халқы Қазақстанда тұрып жатқан көптеген этностарды біріктіретін мәдени-тарихи арқауы. Леонид Прокопенко қуғын-сүргін жылдары мен бүкіл халықтардың республика аумағына мәжбүрлеп қоныс аударылғаны туралы еске салды. Бұл қиын уақытта Қазақстан жер аударылған 62 түрлі этнос өкілдерін қабылдады.

1995 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ҚХА жаңа мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудің сенімді құралына айналды. Л. Прокопенко тайлық қонақтарға елдегі мемлекеттік және азаматтық институттармен тығыз байланыс орнатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі, құрылымы мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Тараптар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның ұлтаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастығы мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Геосаясат, интеграция және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Сондай-ақ қазақстандық және тай студенттерін университеттерде оқыту үшін өзара стипендия тағайындау, Қазақстан мен Таиландта елтану орталықтарын ашу, мектептер, жоғары оқу орындары, қалалар мен бауырлас аймақтар құру туралы ұсыныстар айтылды.

Әрине, бұл ұсыныстардың барлығы мұқият пысықтауды және нақтылауды талап етеді. Ең бастысы, тараптардың ынтымақтасуға, идеялармен бөлісуге және озық тәжірибе мен технологияларды назарға алуға ықыласы бар. Демек, алда — жаңа кездесулер, бірлескен жобалар мен бастамалар күтіп тұр.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

Дата события ассамблеи: 04.09.2018

Кейін қарай