24 Тамыз, 2016
949
«Келісім бүгін – бейбітшілік әрқашан!» толеранттылық сабағы және депутатық сағат
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Достық үйінде «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ЛАГЕРІНІҢ аясында «Келісім бүгін – бейбітшілік әрқашан!» толеранттылық сабағы және депутатық сағат өткізілді.
Толеранттылық сабақ пен депутаттық сағатты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Наталья Жумаділдаева мен Генадий Шиповских өткізді.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Васильевна өзінің өмірлік, 30 жылдық ұстаздық тәжірибесімен бөлісті. Өскелең ұрпақты тәрбиелуде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін атап, жастардан тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, лагерь қатысушылары Қазақстан Республикасында жастарға арналған түрлі әлеуметтік бағдарламалар: тұрғын үй бағдарламасы, жастарды жұмыспен қамтамасыздандыруға арналған жастартәжірибесі , жас кәсіпкерлерге арналған жеңілдік пен берілетін несиелер , жастарды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет тарапынан істеліп жатқан шаралар туралы ақпарат алды .
Іс-шара барысында жастар арасындағы жұмыссыздық, баспана, мемлекеттік тілді үйрену, отандық кинематографты дамыту мәселелеріне байланысты сұрақтар жиі қойылды.
Лагерь жұмысын бірінші күннен-ақ жоғары бағалаған Ресей және Қырғызстаннан келген қонақтар Ассамблея туралы сөз қозғап, осындай«Бірлік Единство.kz» сияқты шараларды көбейтуді ұсынды.
Сонымен қатар, жұмыс барысында қатысушылар Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Достық үйімен танысты.

БҚО әкім аппаратының «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ: ДӘСТҮР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ БІРЛІГІ
-
Президенттік орталықта мемлекеттік және қоғамдық наградаларды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті