Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Ақпан, 2017

829

Кемел рухты балалар жарқын болашақты қалыптастырады

Кәсіпке бағдарлау әрбір адам өмірінің барлық кезеңінде күрделі әрі ұзақ үрдістерден кейін жүзеге асырылады. Сонымен, балалардың және жас өскіндердің кәсіп әлемін бірінші кезеңде түсінуі, ұғынуы, жалпы айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың осы құндылықты бағалауды, оны одан әрі қалыптастыруды әсерлі-бейнелі түрде қабылдайды. Бұл уақытта бала бойында әлемге, адамдардың еңбегіне және кәсіпке деген жақсы көзқарас қалыптасады. Бірақ, үлкен өкінішке орай, ата-ана тарапынан жылу, мейірім сезінбеген балалар әлеуметтік өмір жағдайынан тыс қалып отырады. Себебі, олардың ата-аналары бұл айтылған ортада белсенділік таныта алмауынан, балалар аталған кезеңнен тыс қалады. Қалыптасқан жағдайға орай, бала қажетті шарттардан айырылады және өз бетінше еңбекке деген адал ниетін, сүйіспеншілігін қалыптастыруда қиындыққа тап болады. Әрине, кәсіп таңдауда осының бәрі әсер етпей қоймайды. 

Аталған мәселеге байланысты, 2017 жылғы 18 ақпанда «Best for Kids» қоғамдық қоры «Marriott Hotel Astana» қолдауымен  «Хан Керей» және «Интерия» мейрамханаларында «Кемел рухты балалар жарқын болашақты қалыптастырады!» атаумен кәсіби іс-шара ұйымдастырды. Оған Ақмола облысының төңірегінде орналасқан Ақкөлден, Үрпіден, Сандықтау мен Есілден шамамен 200 бала қатысты.

Іс-шара барысында ересек балалар үшін белгілі қоғам қайраткері Саясат Нұрбекпен кездесу ұйымдастырылды. Ол балалармен әңгімелесу сәтінде адалдықты, шыншылдықты, адамның қалай өзін-өзі дамытуға болатындығын айтып берді.

Аталған кездесу мақсаты-тәрбиленушілердің білімге деген талабын ұштау, өздеріне қатысты тікелей мамандықты таңдауда қателікке бой алдырмауға бар мүмкіндікті жасау.

Іс-шара аясында балалар «Астана Марриотт», Hyundai Auto Astana қонақ үйінде, BI-Group, Tulip Medicine корпоративтік университетінде, Алишер Ешенкул сұлулық салонында, «2ГИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл жерде олар өндірістің жұмыс барысымен, бірқатар мамандықтардың қыр-сырларымен жақын танысуға кең мүмкіндік алды және өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, жалпы істің мән-жайымен танысты.

«Best for Kids» ҚҚ президенті Саи Каким мәлімдеуінше, іс-шара балаларды жаңа білімге машықтандыруға және олардың бойында озық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді. «Біз әр жерде орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілерін осында арнайы әкелдік. Оларды түрлі топтарға бөліп, маңызды деген жұмыс орындарына апарып, бір-бірімен жақын танысуына мүмкіндік жасадық»,-деді ол өз сөзінде.

10-12 жастағы балалар Оқушылар сарайында, атом энергетикасы бойынша ақпараттық орталығының MegaLab Positive киномектебінде, «Family» аула клубында, «Гравитация», Dream Park батутты саябағында және елордалық циркте болып, өз уақыттарын көңілді өткізді.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі іс-шара ұйымдастырушыларын қолдап, 12 жасөспірімге өз есігін айқара ашты. Жанға жайлы әсем мәжіліс залында қаламыздағы шеберлер балалардың шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасады. Соның нәтижесі бойынша балалар жұмсақ ойыншықтар тігіп, киізден түрлі бұйымдар дайындады. Балалар шеберлер көмегімен жаңа техниканы меңгеріп, шығармашылықпен емін-еркін айналысты. Бұл ретте волонтерлердің де еңбегі орасан.

Балалар үйінің басшылары және оның тәрбиеленушілері іс-шараны ұйымдастырушыларға, волонтерлерге алғыстарын айтты. Осындай іс-шараның жиі өтіп тұруына тілектестіктерін де білдірді. 

Кейін қарай