
21 Ақпан, 2022
350
«Кентрон» армян мәдениеті орталығына 25 жыл!
«Солтүстік Қазақстан облыстық «Кентрон» армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті.
Жалпы, Қазақстанды туған жеріндей көретін армяндардың еліміздің дамуына қосқан үлесі аз емес. Қазіргі уақытта республикада 30 мыңнан астам армян этнос өкілі тұрады. Біздің облыста армян этнос өкілдері негізінен Петропавл қаласы мен Қызылжар аудандарында шоғырланған. Сонымен қатар, Тайынша, Мамлютка, Тимирязево аудандары және Пресновка, Новоишим ауылдарына да армян этнос өкілдері қоныстанған.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, ХХ ғасырдың 60-80 жылдары армян қауымы Қазақстанның мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық өмірдің түрлі салаларында, түрлі деңгейдегі басшылық жұмыстарды атқарғаны мәлім.
Республиканың көрнекті қайраткерлерінің ішінде ең танымалдары ретінде Байланыс министрінің орынбасары Георгий Аракелов; түсті металлургия министрінің орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Артем Вартанян; Монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары министрінің орынбасары Евгений Ежиков -Бабаханов; автомобиль жолдары министрінің бірінші орынбасары Михаил Тер Вартанов сынды тұлғаларды атауға болады. Сондай-ақ, армян этносынан шыққан 2 Кеңес Одағының Батыры, 6 Социалистік Еңбек Ері, Республика Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының 6 лауреаты, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердің еңбек сіңірген қайраткерлері, еңбек сіңірген құрылысшылар мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері, халық әртістері, 15-тен астам ғылым докторы және Қазақстанның дамуына үлес қосқан басқа да құрметке лайықты өкілдері армяндардың мақтанышы болып табылады.
Петропавл педагогикалық институтының алғашқы ректорларының бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Цатурян Вайнак Арутюнович болды. Ол 1959 жылдан 1969 жылға дейін аймақтағы жетекші оқу орнын басқарды. Оның есімі Қазақстан Республикасының Білім беру саласы тарихына енді. Ол еткен ерен еңбегі және қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен және медалдармен, грамоталармен марапатталған. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық ағарту ісінің үздігі» атақтарының иегері.
В.А. Цатурянның ұсынысымен келген Манукян Манук Ордуевич Педагогикалық Институтта өмірінің 20 жылдан астам уақытын Солтүстік Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнына сарып етті, онда физика-математика факультетін басқарды. Оның бастамасымен институт жаынынан сырттай білім беретін математика мектебі ашылды.
2022 жылғы 21 ақпанда Г. Геворкян, С. Бағдасарян, Г. Григорян, В. Геворкян, А. Чатикян және армян этносының басқа да белсенді өкілдерінің бастамашылығымен «Солтүстік Қазақстан облыстық Кентрон армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрылды («Кентрон» армян тілінен аударғанда «орталық» дегенді білдіреді).
Қоғамдық бірлестіктің негізін қалаушы және тұңғыш жетекшісі – белгілі қоғам қайраткері және беделді кәсіпкер Аракелов Роман Рубенович еді. Ол орталықты 17 жылдан астам уақыт басқарды. Қоғамдық бірлестіктің басшысы ретіндегі қызметі үшін ол 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.
Қазіргі уақытта бірлестіктің төрағасы-Геворкян Геворк Варданович. Орталық төрағасының орынбасары-Светлана Степановна Малхасян. Олар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының беделді мүшелері әрі бар ынтасымен жұмысқа берілген белсенділер болып табылады.
«Кентрон» орталықтың мақсаты – армян этностарының өз тілін, мәдениетін, халықтық дәстүрін, тарихын жандандыру, тарихи отанымен мәдени, тарихи байланыс орнату.
Солтүстік Қазақстанның этномәдени бірлестіктері мен Достық үйінің қонақтары «Кентрон» армян мәдениеті орталығы өткізген Арменияның Тәуелсіздік күні, Мырзаның құрметіне арналатын дәстүрлі мереке - Трндез мерекесі, Ана және сұлулық күні, Иван Купала күнін еске алатын Вардавар мерекесі, жүзім мерекесі және т.б. мерекелер мен іс-шаралардың куәгерлері. «Кентрон» белсенділері сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік мерекелерін де алғашқылардың бірі болып тойлайды. Олар қатысқан іс-шаралардан түсірілген, Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде орналасқан орталықтың кабинетінде тұрған естелік фотосуреттер – осының жарқын дәлелі. «Кентрон» армян мәдениеті орталығы – облыстың басқа этномәдени бірлестіктерімен әріптестері өткізетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
Жеңіс мерекесі күні көптеген армян отбасы Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларын еске алады. Соғыс жылдары армян этносының 100 өкілі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.
«Кентрон» этномәдени орталығы өзге де бірлестіктерімен бірге «Құрмет және шапағат күні» аясында ұйымдастырылатын қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып, балалар үйі, қарттар үйі және сәбилер үйлеріндегі қарттар мен балаларға қамқорлық көрсетедеі.
1998 жылы №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің жанынан армян бөлімі ашылды. Армян тілін оқытуға баға жетпес үлес қосқан, өз ісіне берілген талантты педагог Алексанян Анаит Гургеновна аталған бөлімнің алғашқы мұғалімі қызметін атқарды. Ол өзінің мол жұмыс тәжірибесі арқасында өзінің ізбасарларын жетілдідріп, олардың одан әрі жұмысты сәтті істеуі үшін сәтті жақсы бастама жасады.
2004 жылдан бастап бөлімде Асланян Сильва Сейрановна жұмыс істеді. 2006 жылы Қазақстан армяндарының бірінші форумында С.С. Асланян «Армян тілінің үздік мұғалімі» номинациясына ие болды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің өткен 30 жылы армян этносы өкілдеріне мәдениет, салт-дәстүр және білім саласында ғана емес, бизнес саласында да жаңа бастамаларды жасауға және дамуға мүмкіндік берді. Г. А. Бегларян, А. А. Арутюнян, С. Н. Джанунц, з. А. Мхоян, А. А. Погосян, Н. Ю. Арутюнян, Б. С. Мартиросян., Г. С. Бернецян және т. б. Армян кәсіпкерлері Солтүстік Қазақстандық Кәсіпкерлер құрметіне ие болды. Олардың ашқан кәсіпорындары экономиканың жекелеген секторларының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Өңірде аяқ киім өндіретін цехтар жұмыс істейді, тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығарылады, сонымен қатар, көлік жөндеу шеберханалары және т.б. кәсіпорындар бар. Жол құрылысымен айналысатын кәсіпорындар инфрақұрылымды дамытуда аянбай еңбек етсе, ал кондитерлік кәсіпорындар халыққа кондитерлік өнімдердің кең спектрін ұсынуда. Аталған кәсіпорындардың арқасында Солтүстік Қазақстан облысының көптеген тұрығындары жұмыспен қамтамасыз етілуде.
Армяндарда: «Тау мен тау бірікпейді, ал адам мен адам қашанда тіл табысады» деген мақал бар. Бұл мақал армян болмысының ерекше көрінісі спеттес. Армяндар – ізгі ниетті, білімді, бейбітшіл және ақкөңіл халық. СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «СҚО Кентрон армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігін мерейтойымен құттықтайды және барлық Солтүстік Қазақстандықтарға саулық пен амандық тілейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025