19 Ақпан, 2025
276
ҚХА 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2025 жылы 18 ақпанда Қызылорда қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылық»тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияға ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер мен жастар қатысты.
Конференция Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Студенттер сарайында өтіп, қатысушылар онлайн Zoom платформасы арқылы да қосылды.
Конференция модераторы, Қорқыт Атаатындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі, Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Майнұр Бөрібаева болды.
Спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық кеңесінің жетекшісі Айгүл Садвокасова (онлайн), Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының жетекшісі, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Айтжан Оразбақов, Астана қаласы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Аскер Пириев (онлайн), М.О. Әуезов атындағы ОҚУ университетінің доценті, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісінің орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Саипжамал Қорғанова (онлайн), облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Айгүл Мұсабаева, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылордадағы филиалының төрағасы Наталья Мишукова Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылықтың даму жолдарын талқылау, ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы туралы баяндамалар оқыды.
Конференцияны “Қоғамдық келісім” КММ директорының міндетін атқарушы Дәулет Омаров қорытындылап, бірлікті, татулықты берік сақтап, Қазақстанды бірге нығайтуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32