01 Қазан, 2022
1055
ҚХА Аналар кеңесі төрағасы Назипа Шанаи Ыдырысқызы бастаған жұмыс тобы Солтүстік Қазақстанда іссапарда болды
ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА Аналар кеңесі төрағасы Назипа Шанаи Ыдырысқызы бастаған жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы жергілікті Аналар кеңесі мен мемлекеттік органдардың бірлескен жоспарлы жұмысын жүйелеу мақсатында іссапарда болды.
Жоспарға сай 6637 әскери бөлімде әскери борышын өтеушілермен кездесуде Жолдаудағы әскери борышын өтеушілерге артылған сенім мен берілген мүмкіндіктері туралы айтылды. Жиын соңы ҚХА Аналар кеңесі мен 6637 әскери бөлім арасында өзара ықпалдастық меморандумына қол қойды. Алдағы уақыт әскери бөлімде стресске төзімділікке, табандылық пен тұрақтылыққа, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған дәрістер оқу мен психологиялық тренингтер өткізу жұмысына жүйелі сипат беру көзделді.
Кезекті кездесу СҚО Полиция Департаменті ұжымымен өтті. Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, синтетикалық және дәріханалық есірткі сынды отбасы құндылықтарына қайшы мәселелері мен осы реттегі жергілікті Аналар кеңесінің полиция қызметкерлерімен бірлесіп атқара алатын жұмыстары талқыланды. Өзара ұсыныс алмасқан тараптар алдағы уақыт бірлескен жоспарлы жұмыс жасауға келісті.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті ҚХА кафедрасы студенттерімен кездесу жаңа форматта - өзара сұрақ-жауап, пікір алмасу сипатында өтті. Жастармен бір толқында болу, бір деңгейде ойлана білу, олардың дүниетанымын қабылдай алу және пікірлерімен санасу бүгінгі күннің талапты сұранысы. Жаңа буын бойындағы жаңаруға деген құштарлық, ізденісте дұрыс бағыт беріп, қолдау таныта алу ұрпақ аралық сабақтастықтың сапалы амалы.
Жастардың Жолдауды түсініп, қабылдауы, оның жолдарындағы мүмкіндіктерді танып, пайдалана білуі, жүзеге асырудағы әр жастың ролі туралы үйлесімді әңгіме алдағы уақыт студенттердің өздерін дамыта отырып, қоғамды ізгілендіру дәнін септі деген үмітіміз бар. Бұндай кездесулер де жүйелі сипатқа ие жақсы үрдіске айналуы тиіс.
СҚО жұмыс сапары жаңа идеялар мен оларды жүзеге асыру жолдары туралы ұсыныстарға толы жемісті болды. Бірге жасаймыз деген ниетті, көзінің оты бар жастардың құлшынысы мен жергілікті Аналар кеңесі және Ардагерлер кеңесінің күш біріктіруі қоғам көшін түзеуде көп ұзатпай көрініс табады деп ойлаймыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23