10 Қыркүйек, 2021
562
ҚХА Аналар кеңесінің «Ана әлдиі» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды
2021 жылғы 10 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен «Қарашаңырақ» РҚБ ұйымдастыруымен және «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті И.Салжановтың демеушілігімен «Ана әлдиі» республикалық байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Шараға ҚХА республикалық және өңірлік Аналар кеңесінің басшылары мен мүшелері қатысты.
Байқаудың мақсаты - бесік жыры арқылы ұлттық тәрбие негіздерін, мәдени құндылықтарымызды насихаттау, ұлттық мұраларымыздың озық салт-дәстүрлерін дәріптеу, жас ақындар мен сазгерлердің ұлттық нақыштағы шығармашылық ортасын қалыптастыруға ықпал ету.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Ана әлдиі» республикалық байқауына қатысушалардың материалдары өңірлерде іріктеліп республикалық байқауға жіберілген болатын. Аймақтардағы байқау жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін педагог, ақын және сазгерден жасақталған қазылар алқасы құрылып, байқау шарттарына сай қорытындысын шығарды.
Байқау қорытындысы бойынша І-орын Ақтөбе облысынан Ойыл аудандық мәдениет үйінің «Ойыл ауданы келіндері» , ІІ-орын Қарағанды облысынан Башай Меруеш Башайқызы және Қызылорда облысынан Бақыткүл Болысбекқызы, ІІІ-орын Шығыс Қазақстан облысынан Мәриям Мүбаракқызы Мұрсалинова және Павлодар облысынан Марина Вагина марапатталды. Сонымен қатар, «Әнді орындау шеберлігі үшін» арнайы номинациясымен Света Жаңабайқызы, «Қойылымның тәрбиелік мәні үшін» - Ляйля Байқожаева және Салтанат Исабай, «Мазмұнды мәтін үшін» - Ақмарал Әлібекқызы Биназарова марапатталды. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37