17 Ақпан, 2016
944
ҚХА Аналар кеңесінің қайырымдылық іс-шарасы
Таяуда Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасы жүргізілді. Акцияны Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды.
Акцияға Алматы қаласының этномәдени бірлестіктеріндегі Аналар кеңестерінің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы қатысты.
Іс-шараны алғы сөзімен Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Ниязова Нурия Исмагиловна ашты. Ол өз сөзінде әйел-аналардың қайырымдылық қызметте алар орнына тоқталып, сонымен бірге қатысушыларға қалалық Аналар кеңесінің өмірдің қиын кезеңдерін бастан кешіруші балалар мен отбасыларға қол ұшын беру мақсатында жүргізген шаралар мен акциялары жайлы ақпарат берді.
Ары қарай іс-шараға қатысушылар алдында Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы «Щинсын» дұнған мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Абубекерова Зухра Хакимовна; Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, «АХЫСКА әйелдері» Түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Хусеинова Зульфия Шахмуратовна; «DICOSTA TECHNOLOGIES LTD» компаниясының президенті Серазетдинов Александр Дугласович; Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің тәрбие және шығармашылық жұмысы бойынша директорының орынбасары Арзиев Зуфар Зунунович сөз сөйледі.
Акция барысында барлық қатысушылар Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезектен тыс сайлауды Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің қолдайтыны туралы мәлімдеме жасады.
«Қайырымдылық керуені» акциясының соңында тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан жасөспірімдерге құрметті мүше билетін және «АсқарТау» қоғамдық ұйымының өз патронажына алуы туралы (кәсіби альпинизмге даярлаушы ұйым); Қазмемцирктің қойылымдарына билеттер және Алматы қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру шарасы жүргізілді.
«АХЫСКА әйелдері» ҚБ Түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері емделуге мұқтаж балаларға қайырымдылық конвертін табыстады. Сонымен қатар, «Алматы локоматив эксплуатациялық депосы» ұжымы, Алматы қаласы түрік және кәріс этномәдени бірлестіктері де қайырымдылыққа мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
Сонымен қатар, емделуге мұқтаж балаларға Алматы қаласы этномәдени бірлестігінің өкілдері сертификаттар табыстады. Іс-шара соңында Алматы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы қоғамымыздағы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарды қолдау ісінде ынтымақтастық көрсеткені үшін іс-шараға қатысушыларға алғыс білдіріп, мұқтаж жандарға әрдайым көмектесуге дайын екендіктерін және жұмыс жалғасын табатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10