28 Маусым, 2024
1534
ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» атты жобасы таныстырылды
Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» атты жобасы таныстырылды.
Іс-шараға ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, мемлекеттік органдардың, қоғамдық қорлардың өкілдері, республикалық және облыстық «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары қатысты. ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи таныстырылым модераторы болды.
Өз кіріспе сөзінде Леонид Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру аясында ҚХА Хатшылығы Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарымен бірлесе, ҚХА-ның 13 арнайы жобасын және оларды іске асыру жоспарларын әзірлеп, бекіткенін айтты. Аталған жобалар Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының Парламентпен, мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге және жас кадрлар даярлауға арналған. Бүгін таныстырылып отырған «Салуатты Сана» жобасы нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған.
Сонымен қатар, жиын барысында ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің мүшесі Баян Ахатай «Салауатты сана» жобасы аясында аталған дерттердің алдын алу және олармен күресу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндады. Атап айтқанда өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден, қоғамдық дерттерден сақтандыру, рухани тәрбие беру және ұлттық, отбасылық құндылықтарды насихаттау, қажетті заңнамалық өзгерістер туралы ұсыныстар әзірлеу бойынша жүйелі жұмыстар ұйымдастырылады.
Іс-шара соңында қатысушылармен ҚХА Аналар кеңесінің салауатты өмір сүретін саналы қоғам қалыптастыру, Адал азамат тәрбиелеуге бағытталған жаңа жобаның жүзеге асыру бойынша идеялар мен міндеттері талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті
-
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51