Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Ақпан, 2015

979

ҚХА қауымдастығы кафедраларының ғалымдары бас қосты

2015 жылы 12 ақпанда 11.00 сағ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның 241 ауд. ҚХА кафедрасында Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту бағытындағы этникалық саясатты насихаттау жұмысы және Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығының екінші отырысы өтеді.

2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің  жетекші жоғарыоқу орындарында әдістемелік негіздегі алаңды қалыптастырып, белсенді жұмыс атқарып келеді. Бүгінде ҚХА-сының 11 кафедрасы бар. Олардың жанында «Бейбітшілік және келісім» орталығы, этномәдени ғылыми зерттеу орталықтары ашылды. Әсіресе қазіргі жастар арасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, этникалық бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін зерттеп насихаттау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығы кафедраларына жүктелген міндет зор.Бүгін Астана қаласындағы  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушілері бас қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығы кафедрасының екінші отырысын өткізді. Мақсат, ҚХА қауымдастығы кафедраларының атқарар нақты міндеттерін айқындап, алдағы жұмыстарын  жүйелі түрде  жүргізу. Жиында аймақтардағы білім ордаларында орналасқан кафедралар өз қызметтерін  толыққанды атқару үшін оларды  қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық техникалық жағдайды жақсарту секілді күрделі мәселер айтылып, сала мамандарының талқысына салынды. Облыс орталықтарындағы жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар өзара пікір алмасып, тың ойларымен бөлісті. Аз уақыт ішінде тәжірибе жинақтап, кафедра жұмысын жолға қойған оқу орындарының өкілдері  сөз алып өз тараптарынан осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді. Жиынды ҚХА  Төрағасының орынбасары А. Башмаков қорытындылады.  

 

Кейін қарай