Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Шілде, 2015

2158

ҚХА аясында ауқымды реформалар

22 шілде күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптау тобының отырысы болып өтті.

22 шілде күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптау тобының отырысы болып өтті.

Отырысты ашқан Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ төрағасы, ҚарММУ-дың оқу-тәрбие жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор Вилен Молотов-Лучанский былай деді:

- Біздер бұрынғы қаурыт жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз. Қазір «100 нақты қадам» ұлттық жоспарды талқылау бойынша тығыз жұмыстар атқаруымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы ғылыми-сараптау қауымдастығы осы Ұлттық жоспарды дәйекті талқылап, осыған орай біздер өз ұсынысымызды береді деп үміт артады. Жоспардың нақты өмірде жүзеге асуы біздер үшін аса маңызды. Әлемдік дағдарыс әзірге тоқтамай, қайта күшейе түсуде. Бәсекелестік өршіп тұрған және сынақтар жағдайында біздерге тек қана аяқта тұрып қалумен бірге даму үшін жаңа ынта алу қажет. Сол себепті біздің Президент халыққа ұсынып, ал оның Ұлттық жоспары әрбір адамға жеткізілуге тиісті.

Бұдан кейін сөз кезегі Қарағанды облысының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ерлан Құсайынға берілді:

- «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының негізгі жағдайларына тоқталмақпын. Қазір ҚХА-ның ғылыми-сараптау тобына үлкен үміт артылып отыр, себебі заң саласында көптеген өзгерістер болмақ. Көптеген заңдарға, тіпті Конституцияның өзіне өзгерістер мен қосымшалар енгізіледі. Негізгі мақсат — ең дамыған елдердің 30-на ену және Қазақстанның ЭЫДҰ елдері стандарттарын іске асыруы. Біздің Президент 2020 жылға дейін осы елдер стандартын жүзеге асыру және 2050 жылға қарай осы елдердің 30-на ену міндетін қойып отыр. Осындай ұлт көшбасшысымен, бірлігі мықты халықпен бұл мақсатқа жете аламыз деп сеніммен айтуға болады. Неге «100 қадам» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл Мемлекет басшысының 100 тапсырмасы. 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсібилігін түпкілікті көтеруге арналған; 19 қадам — бұл сот жүйесін және құқық қорғау органдары жұмыстарын жаңғыру жұмыстары; 50 қадам — жоғары технологиялы экономикалық өсуге ынталандыру шаралары; 6 қадам — жалпы қазақстандық біртектілік пен қоғам бірлігін нығайту, Мәңгілік Ел құндылықтары жүйесін дамыту; 10 қадам ашық Үкімет жұмысының механизмдерін жетілдіру, ашықтың және мемлекеттік органдардың есеп берушілігіне арналған. Мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Ұлттық жоспарды ұсынатын болады, бұл шын мәнінде тарихи құжат болады. Бізге 4-ші реформа «Біртектілік пен бірлік» қатысты. Астанада тамыз айының соңында «Мәңгілік Ел» республикалық акциясы өткізіліп, сонда осы патриоттық актінің тұсауы кесіледі.

Өз сөзін аяқтай келіп, Ерлан Құсайын былай деді:

- ҚХА аясында мұндай көлемді реформа бұрын жүргізілген емес. Бұл дегеніміз Ассамблеяның шын мәнінде жалпы халықтың саясаттан жоғары орган болғанын көрсетеді.

Қазіргі мемлекеттегі жастардың ролі жөнінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-бұқаралық шаралар ұйымдастыру және құрылымдармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Александр Урмашов айтып берді:

- Шын мәнінде жастарда проблема өте көп. Ең басты проблема — біздерді не мектепте, не университетте стратегиялық ойлауға үйретпейді. Жастар өз сұрағының жауабын негізінен интернеттен іздейді. Біздерде жас ұрпақты жақсылыққа ынталандыру тетігі жоқ. Жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, қоғамға пайдалы болып, өмірден өз орынын табуға тиісті. Осы тұрғыда Мемлекет басшысының 5 институттық реформасы көмектеседі деп жастар сенеді.

Мемлекет пен қоғамның маңызды проблемалары туралы Қарағанды облысының ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары, ҚММУ-дың кафедра меңгерушісі, ф.қ.н. Құдайберген Темірбаев, кафедраның аға оқытушысы Динара Жақыпова айтып, олар халық бірлігі, тыныштық, этноаралық келісім, толеранттық және осы құндылықтарды дамытудағы ҚХА ролі жайлы әңгімеледі.

Отырыстың соңында қазіргі азаматтың үрдістегі ҚХА ролін жетілдіре түсу және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыруға орай ұсыныстар қабылданды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» ҚММ-ның

баспасөз қызметі

 

Кейін қарай