14 Қараша, 2025
80
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды. Ол “Д.Д.Махмудов атындағы Павлодар қаласының Трамвай басқармасы” АҚ базасында құрылды.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликова қатысты. Ол Еңбек Ассамблеясының ашылуын ҚХА-ның 30 жылдығына және Жұмысшы кәсіптер жылы аясында өтуін символдық мәнге ие оқиға деп атады. Трамвай басқармасында ашылған бұл Ассамблея көптеген кәсіпорындарға үлгі болады.
Кәсіпорынның және Джaфар Джaфарович Махмудов атындағы әзербайжан «ВАТАН» қоғамының жетекшісі Муслим Махмутов Еңбек Ассамблеясының ашылуы кәсіпорын үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Оның ұйымшыл да тату ұжымы қала мен облыстың барлық шараларына қатысып келеді.
Бұл сөздерді Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Владимир Берковский де қуаттады. Оның айтуынша, өңірлік ҚХА-да мемлекеттік тілді оқыту сыныбы тұрақты түрде жұмыс істейді, сондай сынып трамвай басқармасында да бар. Бұл кәсіпорын мектеп оқушыларын жұмысқа орналастыруға көмектеседі, биыл мұнда 60 жасөспірім жұмысқа қабылданған.
Павлодар облысы Аналар кеңесінің және «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрағасы Бақытжамал Максилова жылы лебіздерін білдіре отырып, Еңбек Ассамблеясының кабинетіне арналған сыйлығын табыстады.
Еңбек Ассамблеясының ашылуымен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары да құттықтап, өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Рамиль Смаилов Еңбек Ассамблеясын ай сайынғы пікірталас клубының отырыстарын өткізу үшін пайдалануды ұсынды.
Еңбек Ассамблеясы – бұл еңбек ұжымдарында құрылған ерікті ҚХА өкілдігі. Ол ұжым қызметкерлері, соның ішінде түрлі этнос өкілдері арасында, этносаралық келісім мен бірлікті, өзара құрмет пен ынтымақтастық корпоративтік мәдениетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Акбаржон Исмаиловпен кездесті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
вчера, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
4 Ақпан, 17:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
4 Ақпан, 16:03