16 Желтоқсан, 2020
2158
ҚХА қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтайды
Қадірлі отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Өздеріңізді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз, барымыз бен байлығымыз, халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманының орындалуы болып табылады.
Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әу бастан-ақ тең құқылық, әділдік пен келісімге бағытталған барша халықтың бірлігі принципін Тәуелсіз Қазақстанның даму негізіне қойғаны белгілі.
Өткен жылдар «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты арқасында біздің табысты әрі бәсекеге сай мемлекет құрғанымызды дәлелдеп берді. Бұл жолда барша азаматтарымыз елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді түрде тартылды.
Бүгінде Қазақстан табысты нарықтық экономикасы дамыған, демократиялық қоғамдық құрылымы бар және зор халықаралық беделге ие заманауи мемлекет.
Тәуелсіздігіміздің әр жылы – Отанымыз тарихының жарқын беттері. Өткен жылдың да Қазақстан үшін ғана емес, күллі әлемдік қауымдастық үшін оңай болмағанын білеміз.
Кездескен қиындықтарды қай кездегідей Қазақстан халқы өз күшіне деген үлкен сеніммен қарсы алып, жеңе білді. Бірлік пен ынтымақ болса кез-келген күрмеулі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік бар екенін дәлелдедік. Бұрын да осылай болған, болашақта да осылай болмақ. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы айғақтаған ақиқат!
Құрметті халайық!
Алда келе жатқан 2021 жыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы жаңа белестерді бағындыру мен Отан алдына қойған барлық мақсаттарымыздың орындалатын жылы болғай!
Қазақстан жарқын болашағымызға қарай нық қадам баса бермек!
Біз әр отбасына мықты денсаулық, бақ-береке, тыныштық тілейміз.
Қазақстанымыз нығайып, көркейе берсін! Отанымыз қашанда қуатты, берік болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37