27 Қараша, 2019
1871
ҚХА азаматтық қоғам мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы алтын көпірге айналды
Елордалық Достық үйінде «Азаматтық диалогты ілгерілету және жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретінде қатысу» жобасының қорытындысы бойынша кездесу өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының, елордалық этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдық қауымдастықтардың жергілікті деңгейде шешім қабылдауға және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысуы туралы мәселелерді қозғады. Мұнда сондай-ақ, «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты маңызды тапсырмасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуметтік тұрақтылығын арттыру, азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау бөлігі бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту, бюджеттердің, есептердің, нысаналы индикаторлардың және нормативтік құқықтық актілер жобаларына қол жеткізу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында да жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру құралы ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруға үлкен мән берілген болатын.

Таныстырылым барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова, «International Fund" Global Success of People» қоғамдық қорының жобалар бойынша директоры Әлия Қадырәлиева, жұмыс тобының мүшесі, жобаның жетекші кеңесшісі Нұрболат Парманов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы, Аманат сыйлығының бас амбассадоры Ырза Тұрсынзада сөз сөйледі.

Жоба шеңберінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Таныстырылым барысында жұмыс тобының мүшелері жобаның негізгі жетістіктерін айтып, жергілікті өзін-өзі басқарудың аймақтық даму ерекшеліктері, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерінің проблемалары мен даму әлеуеті туралы ой бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды