Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Шілде, 2023

421

ҚХА БЕЛСЕНДІЛЕРІ ІЛЕ АЛАТАУДЫҢ ТЯНЬ-ШАНЬ ЖОТАСЫ ШЫҢДАРЫНЫҢ БІРІН БАҒЫНДЫРДЫ

2023 жылғы 15 шілде күні Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы салауатты өмір салтын насихаттау және көрікті табиғи жерлерді ілгерілету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының шыңы деп аталатын Физкультурник шыңына шығуды ұйымдастырды.


Іс-шара өзіндік ерекше атмосферада өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының жарқын мүшелері мен түрлі қызмет салаларының өкілдері 4068 метр биіктікке көтерілді. Қатысушылар бірлесіп Іле Алатаудың Тянь-Шань жотасы шыңдарының бірін бағындырды.


Тауға көтерілудің өзіндік мәні бар, өйткені ол бүкіл Қазақстан халқының бірлігін білдіреді. Түрлі этностардың бірге шыңды бағындыруы ең алдымен, Қазақстан мәдениетінің бай палитрасымен танысуға, нетворкингке, сондай-ақ рухани қарым-қатынасқа тамаша мүмкіндік ашады.


Іс–шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, республикалық этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастары, спортшылар, қоғам қайраткерлері қатысты.


Ассамблея Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл шара Кіші Алматы шатқалының тау шыңының сұлулығымен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қатысушылардың Қазақстанда экологиялық туризмді дамытудың басым модельдерінің көтерілуін талқылайтын орынға айналады.


«Қазақстан халқы Ассамблеясы өз қызметіне айтарлықтай трансформация жасады. Мәдениетаралық өзара іс-қимыл алаңдарын құрудан басқа, экология мен қоршаған ортаны сақтау, бұқаралық спорт түрлерін танымал ету бойынша жобалар дамуда. Мұндай маршруттар соның керемет көрінісі. Өйткені олар Қазақстанның басқа аймақтарынан ғана емес, бүкіл әлемнен туристерді тартары сөзсіз. Қазақстанның табиғи және мәдени мұра объектілеріне баратын туристік маршруттарды әзірлеу Ассамблея мүшелерінің Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға қосқан маңызды үлесі болып табылады», - деді М.Әзілханов.


Шараға сондай-ақ Азат Абыкен, Алина Кан және т.б. танымал блогерлер де қатысты. Олардың арасында «Алға Петербург» каналын жүргізуші Иван Червинский де болды.


«Таулар адамды салауатты өмір салтын ұстануға, рухани дамуға және физикалық тұрғыдан қуаттандыруға серпіліс береді. Бүгін Ассамблея белсенділерімен бірге шынымен де ерекше әсерге бөлендім. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жан-жақты екені сөзсіз. Шыңға көтерілудің өзі ҚХА–ның іс-шараларды ұйымдастырудағы жаңа форматтарды қолданып жатқандарын көрсетеді. Бұл мен сияқты қазақ халқының нағыз жанкүйерін қуантпауы мүмкін емес, - деді И.Червинский.


Шара барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде көрініс табатын идеялармен өзара пікір алмасты. Бұл спорттық демалыс пен жаңа жұмыс жобаларын құру мүмкіндігі арасындағы жақсы синтез.


Өз кезегінде «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев Ассамблея мүшелері айтарлықтай жасарғанын, олардың қатарында жастар қауымдастығының жарқын және креативті көшбасшылары бар екенін атап өтті.


«Этномәдени бірлестіктердің төрағалары көптеген жарыстарға, веложарыстарға және марафондарға қатысатын мысалдар жиі кездеседі. Осы орайда биыл Ассамблея елордада Қазақстан халқы бірлігі күніне арнайы Бірлік жарысын ұйымдастырды, сонымен қатар өңірлерде футбол чемпионаттары да өткізілуде. Бұған қоса экологиялық бағыттағы жобалар да белсенді дамуда. Халық бірлігі алаңдары құрылып, жастар Қазақстанның су айдындары мен табиғи көрікті жерлерін тазартуға қатысады. Сондықтан бүгінгі шара Ассамблея командасының салауатты өмір салтын ұстанудағы тағы бір айқын көрінісінің белгісі, - деді ол.


Аталған іс-шараны Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Кейін қарай