17 Сәуір, 2020
1099
ҚХА бірегей идеялар мен ізгі іс-әрекеттердің «Мейірімділіктен – бірлікке» атты конкурсын жариялайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы #birgemiz республикалық акциясы аясында әлеуметтік желілерде жарияланатын «Мейірімділіктен – бірлікке» конкурсы басталатыны туралы жариялайды.
Қазақстанның болашағы көп жағдайда сіздің белсенділігіңізге, шығармашылық көзқарасыңызға, болып жатқан оқиғаларға және маңайыңыздағы адамдарға немқұрайлы қарамайтыныңызға байланысты болады. Сіздің бірегей идеяларыңыз, ізгі іс-әрекеттеріңіз бен атқарған жұмыстарыңыз – Қазақстанның дамуына қосатын үлесіңіз болып табылады.
Басылымда сіз бүкіл елмен өз идеяларыңызбен бөлісіп, өзіңіз немесе достарыңызбен бірлесе жасаған игі істер мен ізгі шаралар туралы айтып бере аласыз. Әрине, пост сіздің азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, позитивпен бөлісіп, өзіндік ерекшелігімен танылуы тиіс. Оны фотоиллюстрация, бейнесюжет түрінде көрсете аласыз. Тиісті тақырыптағы посттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауға болады.
Конкурстық комиссия ең қызықты 5 жарияланымды іріктеп, ҚХА мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ресми беттерінде жариялайды. Сонымен қатар, ең белсенді қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау туралы шешімді ұйымдастырушы қабылдайды.
Пост әлеуметтік желілерде жарияланады. Конкурсқа қатысушы міндетті түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аккаунттарын (ҚХА – assembly_kz; РЖҚ - @jangyrujoly) және #BIRGEMIZ #JANGYRUJOLY хэштегтерін міндетті түрде белгілеп, көрсетуі тиіс.
Сіз үшін бұл өзіңізді көпшілікке таныту, өзіңіздің қоғам игілігін арттыруға бағытталған жетістіктеріңіз, жоспарларыңыз және бастамаларыңыз туралы жариялау мүмкіндігі болып таблады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32