06 Наурыз, 2020
1159
ҚХА: Елімізде әйелдерге бүкілхалықтық құрмет пен аналарды ардақтаудың сан ғасырлық дәстүрі қалыптасқан
Құрметті әйелдер қауымы!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!
Қазақстан қоғамында бұл мерекенің мызғымас рухани негізі бар, елімізде әйелдерге бүкілхалықтық құрмет пен аналарды ардақтаудың сан ғасырлық дәстүрі қалыптасқан.
Бүгінгі таңда Қазақстан әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларында – саясатта, экономикада, ғылымда, мәдениет пен білім беру саласында маңызды жасампаз рөл атқарады.
Сіздердің әлеуметтік белсенділіктеріңіздің артуы, шығармашылық және зияткерлік әлеуеттеріңіздің толық ашылуы – ел табысының басты шарттарының бірі.
Халықаралық әйелдер күні – біздің баршамыз үшін қастерлі де айрықша мереке.
Татулық пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы – әйел-ана үшін бұл мерекенің орны ерекше.
Құрметті әйелдер!
8 наурыз – сұлулық пен әсемдік мерекесі. Сіздер өмірге сән беріп, мейірім төгіп, шуақ шашып, еліміздің болашағы – өскелең ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді дарытасыздар.
Осы шұғылалы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен, жақсы көретін жандарыңыз бен бақытты балаларыңыздың, адал достарыңыз бен құрбыларыңыздың ортасында қарсы алуға шын жүректен тілектеспіз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт және амандық тілейміз.
Мереке құтты болсын, қымбатты әйелдер!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37