26 Желтоқсан, 2018
973
ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы стартапшыларды қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының форумында Қауымдастық құрамына кіретін отандық тауар өндірушілердің, қолөнершілердің, жастар стартапшылар өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының форумында Қауымдастық құрамына кіретін отандық тауар өндірушілердің, қолөнершілердің, жастар стартапшылар өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Әр ұйымның, жеке кәсіпкерлердің өнімдерімен ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко жекелей танысып шықты.
Нәтижесінде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясымен, сондай-ақ Қазақстан қаптаушы қауымдастығымен өзара келісім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Көрменің қатысушылары туралы:
Көрмеде «Виркро» ЖШС «ВИР-технология» жобасын ұсынды. Оның басты ұстанымы – үнемі жаңашылдық, клиентке бағдарлану, экологияға жауаптылық.
Жобаның мақсаты – жабынды күрделі жөндеуден толыққанды өткізу (аталған қызметті көрсетуде ескі жабынды толықтай қайта жөндеуден өткізіледі). Аталған технологиялық жобаның аясында өндірілетін кәсіпорын жағдайында нарықтың сұранысын қанағаттандыру. Сонымен қатар «Виркро» ЖШС битум қалдықтарын қайта өндіру кешенді бағдарламасын ұсынады.
«EcoLifeStroyService» ЖШС Қазақстан Республикасы аумағында биогаз жабдығын жеткізу қызметінің толық кешенін, жылыжай кешенін, қосымша жарықтандыру, тыңайтқыш жеткізу қызметтерін көрсетеді.
Компанияның тағы бір жобасы «EcoFermer» білім беру орталығы 2016 жылы шаруа қожалығының базасында Алматы облысында құрылған. Орталықтың қызметінде: еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша нақты шешімдер ұсыну, практикалық семинарлар өткізу, құрылыс және ауыл шаруашылығында инновациялық технологияларды қолдану, оны енгізу және оқыту бойынша конференциялар мен вебинарлар өткізу.
«Жобалық-конструкторлық ғылыми-зертеу бюросы» ЖШС көрмеде тоғыз қабатты тұрғын үй кешенін таныстырды. Тұрғын үй кешені жиырма блок-секциядан және төрт айналма-секцияларынан тұрады.
Серіктестік директоры Жалғас Аманбаев жобада ұсынылған тұрғын үйдің схемасын көрсетіп, түсіндірді.
Сонымен қатар «DaraArt» жиһаз өндірісі экономнан премиум класстағы жиһаздар түрлерін көрсетті. Жиһаздар екі жылдық кепілдемемен лизингке беріледі.
«ҚадамKZ» заманға сай ұлттық нақыштағы былғары аяқкиімдер мен сөмкелер өндірісі Алматы қаласында орналасқан. Өндіріс қазақстандық нарықта енді ғана бой көрсетіп келеді.
Атырау облысының Махамбет ауданынан «Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС ешкі сүтінен жасалған өнімдер - дәрумендер мен минералдардың қосымша көзі: қан айналымын жақсартады, гипертиреоз, атеросклероздың алдын алады. Жүйке жүйесіне тыныштандырушы әсерін береді.
Бүгінгі күні шаруашылық облыс көлемінде ешкі сүтін, балмұздақ, құрт, айран, ірімшік, сарысу, қаймақ, май өнімдерін сатады.
ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлерге, оның ішінде жастарға көп қолдау көрсетеді. Ол туралы мақаланы мына жерден оқуға болады.
Көрменің суреттерімен фотогалерядан таныса аласыздар.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 26.12.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 15:35