22 Ақпан, 2024
251
ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының вице-президенті Джамбулат Тангиевтің өңірлерге кезекті жұмыс сапарымен Қостанайға барды
ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының вице-президенті Джамбулат Тангиевтің өңірлерге кезекті жұмыс сапары Қостанайда жалғасын тапты.
Қостанай қаласының Достық үйіндегі басқосуға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығы облыстық филиалының директоры Рафаил Гаджибалаев, облыс әкімдігінің қызметкерлері, облыстың ҚХА активі қатысты.
Кездесу аясында ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығы филиалын Инвестициялар тарту жөніндегі кеңеске қосу, облыс әкімдігінің Сараптамалық кеңесінде аккредиттеуден өту, Қауымдастық мүшелерін көбейту және жастармен жұмысты жандандыру мәселелері талқыланды.
Одан әрі Джамбулат Тангиев өңірлік кәсіпкерлер палатасында болды. Ондағы басқосуда облыс ҚХА медиаторларын азаматтық-құқықтық сипаттағы дауларды реттеуге тарту мүмкіндігі қарастырылды.
Сонымен қатар, этносаралық қақтығыстарға жол бермеу мақсатында аймақтың Ақсақалдар кеңесінің даулар мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу туралы уағдаластығы орнатылды.
Кездесуге қатысушылар Қауымдастық мүшелерін Салалық кеңестер мен кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне қосуға, ҚХА мүшелерінің «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысуына, сондай-ақ облыс ҚХА мүшелерімен түсіндіру кездесулерін өткізуге қатысты келісімге келді.
Қостанай - Ақтау әуерейсін ашу мәселесі жеке талқыланды. Бұл мәселенің өзектілігі өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында логистикалық желіні кеңейту қажеттілігіне байланысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті